Алтынсарин атындағы кітапхана ұсынатын ҚР кітаптарының үздік бестігі

Сен кітап оқығанды ұнатасың ба? Қолыңа кітап алғанда қалған дүниені ұмытқандай сезімде боласың ба? Сен қызықты әңгімелесуші, көңілді әрі тапқыр адамсың ба? Олай болса, мына кітаптар саған арналған.

Ал егер де ондай болмасаң, кітаптар саған сондай болуға көмектеседі.

Сіздерге ешкімді немқұрайлы қалдырмайтын, қазақстандық авторлардың үздік бес кітабын ұсынамыз.

Кеттік, еліктіргіш әрі қызықты оқиғаларға аттанайық.

1. Бұл оқиға жидектері сөйлей білетін, емен жаңғағымен кез келген жарақатты емдеуге болатын, кесірткесі Құбылмалы Айдаһарға айналатын және үнсіз көлде үп-үлкен тауыс құйрығы бар керемет балық ұйқыда жататын... ғажап елде болған.

Бұл елде бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын жұмбақ жаратылыс – норик пен рюм өмір сүреді.

Бұл жұмбақ елде тағы қандай оқиғалар болатынын Тоня Шипулинаның «Три чайных дракона и сверкающая пыль» кітабын оқысаң білесің.

2. Енді келесі кейіпкерлермен бірге саяхатқа шығамыз. Алыс-алыс жерлерде, асу-асу белдерде, таулардың арасында сиқырлы жол бар екен. Осы жолды кесіп өткен адам өз арманын жүзеге асыра алады дейді. Тіптен орындалмайтын арманның өзі орындалады.

Агила Сауран ертегісіндегі кейіпкерлер Аманжол мен Жылқыбай осы жолды кесіп өтуге бел буады. Оларды жолда не күтіп тұрғанын «Аманжол мен Жылқыбай» ертегісін оқысаңыздар біле аласыздар.

3. Балалар, біз ертегіде сиқырлы жолдан өттік. Ал енді ұзақ саяхаттан демалып, Әлия Баянды кітабының кейіпкерімен бірге қонаққа баруға болады. Елжан сендер қатарлас бала, ол туғандарын өте қатты жақсы көреді.

 

Кім жылы шұлық тоқиды? Кім дәмді бәліш пісіреді? Кімде үнемі тосап бар? Ол, әрине, Әжесі. Ал кімде әртүрлі бұрандамалар мен шегелер бар? Кім үнемі құнды кеңес береді? Ол, әрине, атасы.

4. Кітаппен ешқашан да зерігуге уақыт жоқ. Кітап арқылы Бату сияқты сонау өткен заманға аттануға болады. Бату ол жақта Томирис патшайымның ұлымен кездесті. Уақытаралық қызықты саяхат жасауға Бату мен оның достарына Самұрық құс көмектеседі. Бұл саяхат Батуға өз қорқынышын жеңіп, дос табуға септігін тигізеді.

«Баскесер емес, жауынгер бол» деген сөзді қалай түсінесіздер? Зира Наурызбаева мен Лилия Калаустың «В поисках золотой чаши» кітабы осы сөздің мағынасын түсінуге көмектеседі.

5. «Доп ойнаған озар» - деген сөзді келесі повестің кейіпкері айтар еді, дегенмен оның анасы басқаша ойлайды.

 

Дима өзінің танымал футболшы болатынын іштей сезетін еді, бірақ оның анасы оны ол жек көретін биге, біресе жүзуге жіберіп, футбол ойнауға тыйым салады.

Бірақ тағдыр дегенін қылады… Ол қалай болғанын Алелия Амраеваның «Футбольное поле» кітабынан біле аласыздар.

news-2015-04-30-2.jpg


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 12 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана