Немат Келімбетов

 

 

Немат Келімбетовтің өмірбаяны

Немат Келімбетов (4.4. 1937, Өзбекстан, Ташкент облысы Жаңажол қаласы) – түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы орта мектепті бітірген. Ташкент қаржы-экономика инcтитутын (1959), ҚазМУ-дың филология факултетін сырттай оқып бітірген (1966). 1959 – 1960 жылдары Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. «Қазақстан» баспасында редактор (1976–1981), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор (1981–1997), Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор (1997–2002) қызметтерін атқарған. Әскери атағы - отставкадағы лейтенант. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы – Н. Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан болашақта рухани-мәдени құндылықтарға бай, жоғары дамыған ел болады». Хоббиі - кітаптар. Сүйіп оқитын әдебиеті-тарихи, философиялық және психологиялық әдебиет. Жұбайы - Келімбетова Қуаныш Тазабекқызы. Ұлдары - Мұхит (1964 жылы туған), Қайрат (1969 жылы туған). Немерелері - Қанат (1988 жылы туған), Шынар (1991 жылы туған), Айсұлтан (1993 жылы туған), Азат (1993 жылы туған). 2010 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған.

Шығармалары

  1. Келімбетов, Н. «Авеста» - қасиетті жазбалар жинағы / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 136-142 б.

  2. Келімбетов, Н. «Алып Ер Тоңға» дастаны / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 20-31 б.

  3. Келімбетов, Н. «Аттилла» дастаны / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 52-62 б.

  4. Келімбетов, Н. Әбу Насыр әл-Фараби / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 146-157 б.

  5. Келімбетов, Н. Ғұндардың батырлық жырлары / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы.- 2005. - 20-31 б.

  6. Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер / Н. Келімбетов. - Өңделіп, толықтырылған басылымы.- Алматы: Алатау, 2005. - 332 б.

  7. Келімбетов, Н. Ежелгі дәуір әдебиеті: қазақ әдебиеті бастаулары: жоғары оқу орындарының филология фак. студенттеріне арналған оқулық / Н. Келімбетов. - Алматы: Атамұра, 2005. - 334 б.

  8. Келімбетов, Н. Ежелгі дәуір әдебиеті: жоғары оқу орындары филология факультеттері студент. арналған оқулық / Н. Келімбетов. - Алматы: Ана тілі, 1991.- 264 б.

  9. Келімбетов, Н. «Ергенекон» дастаны / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 66-69 б.

  10. Келімбетов, Н. «Көк бөрі» дастаны / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 63-65 б.

  11. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 1: Үміт үзгім келмейді: хикаят - монолог / Н. Келімбетов; құраст.: Ш. Нематова, А. Нематов; алғы сөз С. Қасқабасов; суретші М. Палаткин. - Алматы: Раритет, 2013. - 285 б.: портр.

  12. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 2: Қариялар: эссе / Н. Келімбетов; құраст.: Ш. Нематова, А. Нематов; алғы сөз У. Қалижанов; суретші Ж. Қайрамбаев, Ж. Кәкенұлы, М. Палаткин. - Алматы: Раритет, 2013. - 334 б.: портр.: сурет.

  13. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 3: Күншілдік: сұхбат - диалог / Н. Келімбетов; құраст.: Ш. Нематова, А. Нематов; алғы сөз Т. Мансұров. - Алматы: Раритет, 2013. - 286 б.: портр.

  14. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 4: Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері / Н. Келімбетов; құраст.: Ш. Нематова, А. Нематов; алғы сөз Қ. Келімбетов.- Алматы: Раритет, 2014. - 445 б.: портр.

  15. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 5: Шәді Жәңгірұлы: зерттеу / Н. Келімбетов ; құраст.: Ш. Нематова, А. Нематов; алғы сөз Ә. Тәжібаев. - Алматы: Раритет, 2014. - 172 б.: портр.

  16. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 6: Гурунц Л. Шіркін, біздің Шушикент!: хикая / Н. Келімбетов; орыс тіл. ауд. З. Ақышев, Н. Келімбетов ; құраст.: Ш. Нематова, А. Нематов; алғы сөз Ә. С. Тарақ.- Алматы: Раритет, 2014. - 413 б.: портр.

  17. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 7: Козаченко В. Найзағай: хикаяттар / Н. Келімбетов; орыс тіл. ауд. Н. Келімбетов ; құраст.: Ш. Нематова, А. Нематов; алғы сөз Ш. Құрманбайұлы. - Алматы: Раритет, 2014. - 438 б.: портр.

  18. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 8: Ахмад С. Көкжиек: роман / Н. Келімбетов; өзбек тіл. ауд. Н. Келімбетов ; құраст. Ш. Нематова, А. Нематов; алғы сөз К. Юсуп, Ж. Әскербекқызы, Ф. Хамраев.- Алматы: Раритет, 2014. - 521 б.: портр.

  19. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 9: Қадыров П. Жұлдызды түндер: роман / Н. Келімбетов ; өзбек тіл. ауд. Н. Келімбетов ; құраст. Ш. Нематова, А. Нематов; алғы сөз Ф. Хамраев, Ә. Жұмабай. - Алматы: Раритет, 2014. - 573 б.: портр.

  20. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 14: Қайғыдан бақыт жасаған = Повесть о настоящей женщине / Н. Келімбетов; құраст. Н. Келімбетов, Қ. Келімбетов.- Алматы: Раритет, 2014. - 270 б.: портр.+16 б.: фот.

  21. Келімбетов, Н. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 15: Немат Келімбетовтің танымы мен тағлымы: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағы / Н. Келімбетов ; құраст. Қ. Келімбетов, Р. Мәженқызы.- Алматы: Раритет, 2015. - 541 б.: портр.

  22. Келімбетов, Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы: (ежелгі Түркі поэзиясы және қазақ әдебиеті бастаулары): зерттеу / Н. Келімбетов. - Астана: Елорда, 2000. - 288 б.

  23. Келімбетов, Н. Күншілдік: сұхбат-диалог / Н. Келімбетов. - Алматы: Атамұра, 2009.- 320 б.

  24. Келімбетов, Н. Күншілдік: хикаят-диалог / Н. Келімбетов. - 2-е бас. - Алматы: Атамұра, 2010. - 320 б: портр.

  25. Келімбетов, Н. Қазақ әдебиеті бастаулары = Истоки казахской литературы: преемственность худож. традиции: исслед: көркемдік дәстүр жалғастығы: зерттеу / Н. Келімбетов. - Алматы: Ана тілі, 1998. - 256 б. - (Қазақстан тарихы: зерттеулер, құжаттар).

  26. Келімбетов, Н. Қариялар: эссе / Н. Келімбетов. - Алматы: Атамұра, 2007. - 196 б.: портр.

  27. Келімбетов, Н. «Қорқыт ата кітабы» / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 106-135 б.

  28. Келімбетов, Н. Мұхаммед - Хайдар Дулати / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 305-306 б.

  29. Келімбетов, Н. «Оғыз - қаған» дастаны / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 44-51 б.

  30. Келімбетов, Н. Орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой - пікірлері / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 158-164 б.

  31. Келімбетов, Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері / Н. Келімбетов. - Алматы: Раритет, 2011. - 431 б. - (Қаз. Респ. Ұлттық кітапханасы).

  32. Келімбетов, Н. Үміт үзгім келмейді: хикаят-монолог; эссе / Н. Келімбетов; алғы сөз Ә. Нұршайықов. - Алматы: Раритет, 2005. - 432 б: сурет. - (Қаз. прозасы қазанасынан). - («Алтын қор» кітапханасы).

  33. Келімбетов, Н. Үміт үзгім келмейді: хикаят-монолог / Н. Келімбетов; алғы сөз Ә. Нұршайықов. - Алматы: Раритет, 2011. - 328 б.

  34. Келімбетов, Н. «Шу» дастаны / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 20-31 б.

  35. Келімбетов, Н. Этикалық - дидактикалық поэзия / Н. Келімбетов // Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. - Алматы. - 2005. - 143-145 б.

 

Жазушы туралы

  1. Абдрахманов С, Қайсарлық / С. Абдрахманов // Әдебиет әлем. - Астана, 2017.- 378-384 б.

  2. Абдрахманов С, Оқымысты / С. Абдрахманов // Әдебиет әлемі. - Астана, 2017.- 272-280 б.

  3. Нұршайықов, Ә, Ерлік пен даналық дастаны / Ә. Нұршайықов // Келімбетов, Н. Үміт үзгім келмейді: хикаят-монолог. Эссе. - Алматы. - 2005. - 5-17 б. - «Алтын қор» кітапханасы.


Тілдер

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 106 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана