Живое слово 2019

Бекітемін
«Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасы» ММ
басшысы
__________ Е. Қалмақов
«___» __________ 2019 ж.
VІ «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауының ережесі
 
1. Жалпы ережелер
 
1.1. VІ облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы (одан әрі —Байқау) Қостанай облысы аумағында 2019 жылдын 21.01. - 24.04. дейінгі аралықта 12-13 жасар балалар арасында өтеді.
1.2. Байқау – қазақстандық және шетелдік (Қазақстаннан шыққан) жазушылардың прозалық шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқуға арналған іс-шара. Байқауға қатысушылар өздерінің таңдаулары бойынша әдебиет бойынша мектеп бағдарламасына енбейтін қазақ немесе орыс тілдеріндегі прозалық шығармадан үзінді мәнерлеп оқиды.
1.3. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді, әрі Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылады. Байқау тақырыбы: «Балдәурен балалық шақ!».
Байқауға таңдалатын туынды қазақстандық жазушылардың, сонымен қатар Қазақстаннан шыққан шетелдік авторлардың көркем әдебиетімен (жасөспірімдер үшін жазылған туындылар немесе балалар, жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шектеледі.
1.4.Байқау мақсаты мен міндеттері:
- жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу;
-жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру;
-сана мәдениетін ашу;
- балалар арасында кітап оқуды дәріптеу, оқырмандық ой-өрісін кеңейту, кітап оқитын балалардың мәртебесін арттыру;
- әртістік дарыны бар балаларды анықтау және қолдау көрсету, өз дарынын көрсетуге мүмкіндік беру;
- балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын қазақстандық авторлардың шығармашылықтарын дәріптеу.
 
2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу мерзімі
 
2.1. Байқауды ұйымдастырушылар - Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы, Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.
2.2. Байқаудың ұйымдасытырлуы мен өткізілуіне Ұйымдастырушы комитет жауапты (одан әрі - Ұйымдастырушы комитет) және жүзеге асырады:
- байқауды және ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарының жалпы басшылығын жүзеге асырады;
- Байқауды ақпараттық қолдауды («Байқау туралы ереже» Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да ресми сайтында жариялануын) жүзеге асырады; Байқаудың барысы мен қорытындысының БАҚ-да жариялануымен айналысады;
- Байқаудың облыстық кезеңіне (финалға) аудандық, қалалық балалар кітапханалары тапсыратын материалдарды қабылдайды;
- марапаттау салтанатын дайындайды және өткізеді.
2.3.Байқаудың жұмыс бағасы мен орындаушыларды бағалау үшін әділ қазылар алқасы жазушылардан, кітапханашылардан және кітапхананың үздік оқырмандарынан, өнер және мәдениет қайраткерлерінен, Қостанай облысының қоғам қайраткерлерінен құралады.
2.4. Байқау екі кезеңнен тұрады:
- аудандық, қалалық кезең – өткізілу мерзімі 2019 жылдың 22 қаңтарынан – 2019 жылдың 01 сәуіріне дейін.
- облыстық кезең (финал) - өткізілу орны — Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, мерзімі – 2019ж.24.04.
2.5.Аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпазы болып, ең көп ұпай жинаған 1 қатысушы саналады. Қостанай қ. үшін қалалық кезеңнің жеңімпаздарының саны – 3 қатысушы. Аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары байқаудың облыстық турына (финалға) өтеді.
2.6. Іріктеу айналымының нәтижелері, екінші кезеңге қатысуға сұраныстар Ұйымдастырушы комитетінің omir@allib.kz электронды поштасына 2019жылдың 01.04. дейін жіберіледі. Іріктеу айналымының нәтижелері туралы есеп пен екінші кезеңге қатысудың сұраныстар формасы 1,2-қосымшада.
2.7. Аудандық кезеңнің жеңімпаздарына Байқау финалында оқылатын үзінді алынған шығарма туралы шығармашылық жұмыс (эссе, шолу) жазу ұсынылады. Шығармашылық жұмыстың көлемі 2 беттен аспауы тиіс.
2.8. Шығармашылық жұмыстар 2019 жылдың 02 сәуірінен кешіктірілмей omir@allib.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.
 
3. Байқаудың өткізілу шарты
3.1.Байқауда қазақстандық және Қазақстаннан шыққан шетелдік авторлардың проза түріндегі шығармалары орындалады.
3.2. Бір оқылымның регламенті 5 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу (презентация, бейне ролик қолданбау керек), декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауыс жазбасын қолдануға құқы жоқ. Байқаудың әр қатысушысы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі орындайды.
3.3. Байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады, бірінші кезеңде оқушыны байқауға қабылдамауға немесе байқауға күшпен қатыстыруға тыйым салынады.
 
4. Қатысушы өнерін бағалау
 
4.1. Байқауға қатысушылар өнерін бағалаудың негізгі белгілері:
-әдеби материалды білуі;
- баяндалған шығарманың бірізділігі мен ойға қонымдылығы;
- автордың жеке көзқарасының көрінісі.
4.2. Қатысушылардың шығармашылық жұмысы (эссе, пікір) 10 балдық жүйемен бағаланады.
4.3. Байқауға қатысушыларды бағалаудың негізгі өлшемдері:
- таңдалған шығарманың орындаушының жас ерекшелігіне және байқаудың ережелеріне сәйкестігі;
- таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;
- сөйлеу мәнерінің айқындығы және нақтылығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік көркемдігі);
- мәтіннің бейнелік желісі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуі;
- актерлік шеберлігі;
- шығарма тақырыбына музыкалық сүйемелдеудің, костюмнің үндесуі.
4.4. Қатысушылардың өнері 10 балдық жүйемен бағаланады.
4.5.Шығармашылық жұмыстың (эссе) бағасы жалпы орындаудағы ұпайға қосылады. Егер шығармашылық жұмысы өз бетімен орындалмаса, ұпай шегеріледі.
 
5. Қатысушыларды марапаттау
 
5.1.Екінші кезеңнің әр қатысушысы байқауға қатысқаны туралы куәлік алып, сыйлықтармен марапатталады;
5.2. Әділ қазылар шешімімен әр номинация бойынша бір қатысушы арнайы сыйлықтармен марапатталады:
- «Мұра» (қазақ тілінде шығарманы үздік оқығаны үшін)
-«Шебер сомдаушы»
-«Айрықша таңдау» (шығарманы таңдау шеберлігі)
-«Үздік бейне» (бейнені сомдауда шығармашылық танытқаны үшін);
- «Кітапхана таңдауы».
5.3. Облыстық «Сөз құдіреті» байқауының жеңімпазы болып, ең жоғары балл жинаған 3 қатысушы атанады. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
 
6. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу жұмыстарын қаржыландыру
 
6.1. Байқаудың бірінші кезеңін ұйымдастыруға (аудандық, қалалық айналымдарда), сыйлық қорына қажетті қаржыландыруды аудандық, қалалық мәдениет пен тіл дамыту бөлімдері жүзеге асырады.
6.2. Байқаудың қорытынды кезеңін ұйымдастыруға, сыйлық қорына қажетті қаржыландыруды Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы жүзеге асырады.
 
1-қосымша
«Сөз құдіреті» байқауы бойынша іріктеу айналымының нәтижесі туралы есеп
(кітапхана атауы)
 
Өткізу мерзімі:
Байқауға қатысушылар тізімі
Қатысушының аты-жөні
Шығарма авторы, атауы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Байқаудың 1-кезеңінің қысқаша сараптамасы (тиімділігі, балалардың , педагогтердің, әділ қазылардың пікірлері). Аудандық/қалалық байқау кезеңінің көрермендер саны.
 
2 қосымша
 
Алтынша облыстық «Сөз құдіреті» байқауының екінші кезеңіне (финалға) қатысуға сұраныс
 
 
Тегі
 
Аты
 
Әкесінің аты
 
Мектеп, сынып
 
Орындалатын шығарманың авторы, атауы:
 
Орындалатын тілі
 
Музыкалық сүйемелдеу (иә/жоқ):
 
Шығармашылық жұмыс (эссе, шолу)
 

Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 56 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана