Әлімжанов Әнуар

alimzanov360.jpg

Әлімжанов Әнуар (1930–1993)

Әнуар Әлімжанов Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келді. 1949–1954 жылы Алматыда Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. Журналистика факультетін тәмамдап, Мәскеудегі орта Азия мен Қазақстан бойынша «Литературная газетаның» тілшісі.

1963–1967 жж. «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы. 1968 жылы «Правда» (Мәскеу) газетінің Қазақстан бойынша тілшісі. 1969 жылы «Қазақ әдебиеті» апта сайын шығатын газетінің бас редакторы болып тағайындалды. 1970 жылдан 1979 жылға дейін Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы қызметін абыроймен атқарды. 1986 жылға дейін Кенес жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болды.

1986 жылдан Қазақ Мәдениет Қорының төрағасы, Қазақстан Республикасының Бейбітшілік пен Келісім Одағының төрағасы. 1959 жылдан Азия, Африка елдерінің жазушыларымен байланысы бойынша Кенес Одағы комитетінің орынбасары, Афро–Азиялық жазушылар Ассоциациясының және Еуропалық мәдениет ынтымақтастығының мүшесі.

Әнуар Әлімжанов әйгілі повестер мен романдардың авторы («Керуен күнге қарай барады», «Көк таулар», «Отрардың сыйлығы», «Дала жаңғырығы», «Махамбеттің садағы», «Хабаршы», «Рудаки тағы» – тарихи повест; «Ұстаздың оралуы», «Таным», «Су мен жерден елу мың миля өту».

Алматы, Астана қала көшелеріне және Алматы облысы мектебіне әйгілі жазушының атын қойды.

 

Әдебиеттер

  1. Әлімжанов, Ә. Көгілдір таулар: повестер / Ә. Әлімжанов ; орысшадан ауд. С. Мұратбеков. – Алматы: Жазушы, 2002. – 176 б. – (Мектеп кітапханасы).

  2. Әлімжанов, Ә. Қазіргі қазақ әдебиетінің хал–жайы туралы: Қазақстан Жазушыларының VІ съезі / Ә. Әлімжанов // Әдеби өмір шежіресі: құраст.: Ә. Нарымбетов, Е. Жаппасұлы, С. Қажи. – Алматы, 2009. – Б. 159–223.

  3. Әлімжанов, Ә. Халықтың күші – бірлікте: [Манай, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұрпаққа қалдырған өсиеті, бірлік туралы ақыл – кеңесі] / Ә. Әлімжанов // Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер. – Алматы, 2006. – Б. 69–75.

  4. Әлімжанов, Ә. Ұстаздың оралуы; Жаушы; Махамбеттің жебесі: романдар / Ә. Әлімжанов ; орыс. ауд. С. Мұратбеков, Т. Жанұзаков. – Алматы: Жазушы, 1981.– 544 б.

 

Әлімжанов туралы

 

  1. Әуезов, М. Шығармаларының толық жинағы: елу томдық. 41 том. Мақалалар, зерттеулер, 1952–1961 / М. Әуезов; жоба жетекшілері: С. Назарбаева, Б. Қанапиянов; түсініктеме Р. Әбдіғұлов және басқа. – Алматы: Дәуір: Жібек жолы, 2014. – 286,[2] б.: портр.

  2. Әуезов, М. Шығармаларының толық жинағы: елу томдық. 41 том. Мақалалар, зерттеулер, 1952–1961 / М. Әуезов ; жауапты шығарушы А. Болсынбаева. – Алматы: Жібек жолы, 2014. – 286,[2] б.: портр.

  3. Әшімбаев, С. Суреткер соқпағы: [Әнуар Әлімжановтың «Отырардан әкелген сыйлық» атты романы туралы] / С. Әшімбаев // Әшімбаев, С. Екі томдық шығармалар жинағы. 2 т: әдеби сын. – Астана, 2006. – Б. 48–58.

  4. Бейісқұлов Т. Әнуар Әлімжанов туралы бірер сөз... / Т. Бейісқұлов // Жұлдыз. – 2010. – № 8. – Б. 152–158.

  5. Бердібай, Р. Замандас көзімен: [Әлімжанов Ә. туындылары туралы] / Р. Бердібай // Бердібай Р. Тарихи роман.– Алматы, 1997. – 145–171 б.

  6. Ел намысын ту еткен тұлға: [Ә. Әлімжанов әлемі] // Жас алаш. – 2012. – 28 маусым (№ 51). – Б. 4.

  7. Жақсыбаев, А. Ұлттық намыс ұраны еді: [Әнуар Әлімжанов туралы] / Жақсыбаев А // Жақсыбаев А. Жаны жайсаң жақсылар: естеліктер, сапарлар, ой–толғамдар. – Алматы, 2006. – Б. 113–134.

  8. Жақсыбаев А. Ұлттық намыс ұраны еді / А. Жақсыбаев // Қазақ әдебиеті. – 2010. – № 48–49. – Б. 12.

  9. Иманасов, С. Мен білетін Әнуар / С. Иманасов // Қазақ әдебиеті. – 2010. – № 47 (3–9 желтоқсан). – Б. 6.

  10. Исабай, Қ. Әнуармен әзіліміз жарасып еді: [Әнуар Әлімжанов туралы] / Қ. Исабай // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 7 желтоқсан. – Б. 10.

  11. Қабышұлы, Ғ. Әуезов әспеттеген Әлімжанов / Ғ. Қабышұлы // Түркістан. – 2010. – № 19 (13 мамыр). – 4 б.

  12. Сатаев, А. Әнуар Әлімжанов туралы бір үзік сыр: мақалалар, жолжазбалар / Сатаев А // Сатаев, А. Бәрі де көнілімде, көз алдымда: естеліктер, әңгімелер, жолжазбалар. – Алматы, 2012.– 381–405 б.

  13. Хамзин, К. Әнуар туралы сөз: [тұлға] / К. Хамзин // Қазақ әдебиеті. – 2012. – 6–12 шілде (№ 28–29). – Б. 6.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 50 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана