Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған әдеби журналдар:

Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған әдеби журналдар:

«Путеводная звезда. Школьное чтение». Гуманитарлық білім беру журналы. РФ білім беру Министрлігі  6-11 сынып оқушыларының бағдарламалық және сыныптан тыс оқуына арнап ұсынған. Әлем әдебиетінің үздік шығармалары мен заманауи жастар туралы материалдар жарияланады. Орта мектеп жасындағы балаларға, жоғары сынып оқушыларына арналған айрықша айшықты, ең бастысы, жастар мәселесін көтеріп, оны шешуге көмектесетін қызықты мақалалары бар пайдалы басылым. Онда кез келген сұрақтың жауабын табуға болады: косметологтар мен дәрігерлердің, психологтар мен заңгерлердің кеңестері...

Қыздар мен жігіттерге арналған көпшілікке кеңінен танымал журнал:

«Yes» - жас, тәуелсіз жастарға арналған журнал. Мазмұны: музыка,  спорт, сән, талғам, махаббат, жыныстық қатынастар.

«Маруся» жасөспірім қыздарға бағытталған журнал. Журналда алты тарау бар: "Мода", "Зеркало", "Шоу", "Стиль", "Чувства", "Дом". Әртүрлі айдарлар сұлулық, денсаулық, атақты адамдар өмірі, опа- далап жаңалықтары, саяхаттар, мамандықтар туралы әңгімелейді.

«Лиза» - апталық  журнал. Журналдың негізгі тақырыптары: сұлулық пен денсаулық, үй шаруашылығы, жақын адамдармен қарым- қатынас, мансап, сән мен талғам т.б. 

«Girl» – заман талабына сай өмір сүретін қыздарға арналған журнал. Әр нөмірде кез келген уақытқа арналған сән, сұлулық құпиясы, кино және бейне жаңалықтары, жұлдыздар өмірінен қызықты деректер, ғашықтарға арналған тестер, олардың хаттарына жауаптар болады. Сонымен қатар сән әлеміндегі жаңалықтар, киім үлгілері, заманауи шаш үлгісін жасау құпиясы, керемет макияж, жекелеген имидж- бір сөзбен айтқанда,  көрікті келбетке ие болу жолдары  жазылады.

«Волшебный» - заманауи қыздарға арналған журнал. Әр нөмір нақты тақырыпқа  негізделеді: құрдастарымен, ересектермен қарым- қатынас, сән мен сұлулық, алғашқы махаббат, әдептілік ережесі, қолөнер құпиясы,  шоу-бизнес, спорт, кино жұлдыздарының жетістігі мен жеке өмірі т.б.

«Ромео и Джульетта» -  «Не істеу керек? Өзіме ұқсас адамдарды қалай тауып, олармен қалай қарым – қатынас орнатуға болады? Кім көмектеседі? Қалай білуге болады?» сұрақтарының жауаптарын осы жастар журналы ұсынады. Журналға жазып, сол арқылы нағыз дос пен сырлас табуға болады. Талқыланатын тақырып арнасы кең. Ол , әрине, музыка. Әрине, алғашқы махаббат. Әрине, мамандық таңдау. Сонымен бірге: Қарым- қатынас мектебі. Сенім қызметі. Таныстық клубы. Шетелдегі жастар. Әкелер мен балалар. Сән. Әдеби бет. Жан айқайы. Ойын – сауық ақпараты.

«Ровесник»  - 1962жылдың шілде айында шықты. Бүгінде ол музыка,  шоу-бизнес, кино, білім, демалыс, көңіл көтеру туралы жазатын көпшілікке танымал журнал.

Фантастика мен компьютерлік ойындарды ұнататаындарға арналған журнал:

«Если» —ай сайын шығатын фантастикалық ресейлік журнал.  1991 жылы жарық көрді. Ресейлік және шетел авторларының фантастикалық және фэнтези әңгімелер мен повестер, жаңадан шыққан жанрлық кітаптар мен фильмдердің  рецензия лары, ұлы тұлғалар туралы, фантастиканың даму бағыты туралы  жанрлық жаңалықтар мен фильмдер жарияланады.

«Мир фантастики» — әртүрлі жанрдағы фантастика және фэнтези туралы ай сайын шығатын журнал. Ресейде 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап басылып шыға бастады және бұрынғы КСРО аумағындағы фантастика туралы ірі тақырыптық журнал болып табылады. «Мир фантастики» кітап нарығындағы соңғы жаңалықтар туралы әңгімелейді, автор-фантастардың шығармаларының рецензияларын жариялайды, кино и DVD  нарығына шолу жасайды және компьютерлік ойындар, комикстер, фантастикалық сюжеттегі музыкалық альбомдар туралы сыр  шертеді.  Ойдан шығарылған ғаламдық, белгілі фантастар, мифология мен  футурологиялар туралы мақалалар жарияланады.   Номер журнал бойынша  фантастикалық  фильмдер мен материалдар бар DVD жабдықталады.

«Игромания» - компьютерлік ойындар, ойын жаңалықтары, кодтар, ойындардан өту, читтер, скриншоттар,  квестер, ескі ойындар, приставка ойындары, PSP ойындары...

Саяхат туралы журналдар:

«Discovery (Дискавери)» – ресейлік айына бір рет шығатын жаңалықтар, сенсациялар, адамзат санасының  заманауи жетістіктері мен ғаламның дамуы туралы ғылыми-көпшілік журнал.

«GEO/ГЕО» — саяхаттар мен экспедициялар, табиғат, экология, мәдениет, ғылым туралы танымдық журнал.

Ғылыми -көпшілік журналдар:

«Популярная механика» - ғылыми -көпшілік журнал. Ғылым мен техникалар жаңалықтары жарияланады: жаңа  технологиялар, ғылым, қару, авиация, ғарыш, автомобильдер. 2002 жылдан бастап айына бір рет шығады.

«Знание-Сила» - основан в 1926 году как «Ежемесячный научно-популярный и приключенческий журнал для подростков». Сегодня по-прежнему мыслит себя как «мост между наукой и обществом». Основной своей задачей он видит разговор с думающими людьми всех возрастов и специальностей о новых тенденциях в науке и обществе, о связях между разными областями науки и мысли и главное – выявления человеческого смысла всякого знания.

«Наука и жизнь» — ежемесячный научно-популярный иллюстрированный журнал широкого профиля. Основан в 1890 году ; издание возобновлено в октябре 1934 года. Выходит ежемесячно, популярно и доступно рассказывает о новостях науки и техники. Школьникам будет интересна рубрика «Ума палата».

«Химии и жизнь» - первый номер журнала вышел в 1965 году. До 1996 года журнал был академическим, его выпускало издательство «Наука». С 1996 стал самостоятельным изданием и ушел в свободное плавание со всем коллективом и новым названием «Химия и жизнь — XXI век». Рубрики и темы: Химия, Биология, Физика, Медицина, Человек, Энергетика, Науки о Земле, Науки о космосе, Точка зрения, История, Невероятная наука, Истории из жизни, Технологии и материалы и другие.

Әйелдер журналдары::

«Крестьянка» 1922 жылдан бері жарық көріп келе жатқан әйелдерге арналған  журнал. Басылымның негізгі айдарлары: «От сердца к сердцу» (атақты адамдармен өмір, үлгілі тағдыр, бақыт тақырыбына қарапайым әрі ашық әңгімелер); «Стиль» (қайталанбас талғамды қалыптастыру жайлы кеңестер мен сән үлгілері); «Школа для девочек» (әйел болу – өнер, бірақ кім болса да алғашқы қадамды жасайды); «Самочувствие» (салауатты өмір салты рецептері);т.б.

«Burda» - белгілі сән журналы, әлем сән үлгісінің жаңалықтары . Тігу, үлгі, сәнді кескіндемелер...

«Караван историй» - танымал адамдар, тарихи оқиғалар, әлем халқы дәстүрлері туралы  қызықты әңгімелер. Негізгі айдарлар: «Искусство жить», «Звездный след», «Love Story», «Династия», «Фантазии», «Гороскоп», «Империя». 

«Будь здоров» - көшілік  медициналық мақалалар, денсаулықсақтау және халық емі саласындағы мамандармен сұхбат, түрлі аурулардан- тұмау, гепатит, жүрек ауруы, ішек ауруларынан -   жазатын дәстүрлі ем мен халық емінің құпиялары.  

«Люблю готовить» - өз  жақындарын үздік тағам рецептерімен қуантуды ұсынатын кулинарлық  журнал.

«Сабрина» - Тоқыма бойынша  Европаға танымал журнал, кез келген уақытқа арналған, сән үлгісінің жоғары сатысында тұрған әйелдерге, еркектерге, балаларға арналған үлгілерді ұсынады.  Әр нөмірде жаңа үйреніп жүргендерге де, тәжірибелілерге де қолдануға болатын нұсқаулары, сызбалары, қиындылары бар 30 үлгі жарияланады.

«Имена» — «Отдохни!» журналының қосымшасы ретінде шығатын кіші форматтағы айына бір рет шығатын журнал. Тарихи тұлғалар мен замандастарымыз туралы сұхбаттар, оқиғалар, эсселер.   Журналдың әр нөмірінде— «Именная коллекция»фотогалереясы.

«Стильные причёски» - сұлулыққа мән беретін жас әйелдерге арналған ай сайын шығатын журнал. Шаш үлгілерінің кең таңдауы, шаш, бет, дене  күтімі бойынша кеңестер, әйелдердің өздерін жетілдіруге мүмкіндік беретін стилистер мен косметологтардың нұсқаулары. 


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 31 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана