«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Табиғатқа дос бол» экологиялық мозаикасы өтті. Іс-шара барысында балалар табиғаттың таңғажайып әлеміне қызықты саяхат жасады. Адамның табиғатты қорғауда қандай рөл атқаратынын білді, сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар адамның қоршаған ортамен байланысын анықтады.










