Кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік беттері» атты іс-шара өтті. №19 жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушылары Тәуелсіз еліміздің басты оқиғалары мен тарихи маңызды күндері бойынша әңгіме-викторинаға қатысты. Балалар өздерінің эрудициясы мен тілдерді меңгергендіктерін көрсетті, сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, сонымен қатар патриоттық әндер шырқады.










