
«Балдырған» және «Балапан» топтарының ересек жастағы балалары үшін «Айналаңа зер сал» атты ізгілік сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – балаларға мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ эмпатия, құрмет және айналадағы адамдарға мейірімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Ерекшеліктері бар адамдардың қалай өмір сүретіні, оқитыны, ойнайтыны, жұмыс істейтіні және өмірге қуана білетіні туралы таныстырылымдық бейнероликтер арқылы балалар дүниеде өзгеше көретін немесе еститін, баяу қимылдайтын, арнайы құралдар мен қолдауды қажет ететін адамдар бар екенін білді. Іс-шара соңында «Ыммен айту», «Көзіңді жұм», «Бір қолмен» атты ойындар өткізілді. Бұл шара балалардың адамгершілік қасиеттерін — мейірімділік, жанашырлық, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесуге деген ықыласын тәрбиелеуге бағытталды.
#ізгі_істер_марафоны