Мейірімділік эстафетасы

Жм, 28/11/2025 - 15:38 — Ольга А

Облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 2025 жылдың 1–7 желтоқсан аралығында Халықаралық мүгедектер күніне арналған және Санкт-Петербургтегі зағип және нашар көретін жандарға арналған арнайы кітапхана ұйымдастырған Халықаралық фестиваль аясында өтетін «Мейірімділік эстафетасы» облыстық фестивалін өткізеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, олардың әлеуметтік ортаға еркін араласуына қолайлы жағдай жасау және кітапхана кеңістігінің барлық санаттағы келушілер үшін қолжетімді екенін көрсету.

Биыл фестивальге Қостанай облысының 85 кітапханасы қосылып, 111 түрлі бағыттағы іс-шара жоспарланып отыр.

Апта бойы кітапханаларда инклюзивті және шығармашылық кездесулер, шеберлік сағаттары, көрмелер, акциялар, экскурсиялық және интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылып, олардың барлығы мейірімділік пен өзара түсіністік идеясына біріктірілмек.

 

#МейірімділікЭстафетасы


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 206 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана