№15 балабақша тәрбиеленушілері үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жылы да танымды сабақ өтті. Балалар «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын біліп, мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтарға қызыға жауап берді және бірге Әнұран орындады. Сонымен қатар кітапханашы балаларға «Балдырған» журналынан мейірімді өлеңдер мен қызықты ертегілер оқып, жылы әрі қуанышты атмосфера сыйлады.










