Тәуелсіздік күні қарсаңында № 22 жалпы білім беретін мектептің 8 «В» сынып оқушыларына еліміздің азаттығы жолында жанын қиған қаһармандарды еске алуға арналған тағылымды, әсерлі кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар 1986 жылғы еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғаларды еске алып, қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандардан бастап, Тәуелсіздік пен егемендік үшін күрескен барлық ерге құрмет көрсетті. Сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар туралы айтылды.
Еркіндігіміз бен жарқын болашағымыз үшін күрескен азаматтарды біз әрдайым мақтаныш пен зор құрметпен еске аламыз. Олардың ерлігі ұрпаққа үлгі болып, Тәуелсіздіктің қадірі әрқашан жүрегімізде сақталсын!










