
Жыл сайын Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде кітапханада алғашқы оқырманмен дәстүрлі кездесу өтеді. Бұл игі дәстүрге айналған шараны оқырмандарымыз асыға күтеді. Аталған іс-шара жаңа оқырман жылының басталуын білдіріп, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлайды. Осы күні оқырмандарымыз үшін «Сәтті нөмір» атты жаңа жылдық викторина ұйымдастырылды. Викторина барысында балалар шыршаның астына жасырылған, жыл бойына бекітілетін нөмірі бар қар ұшқынын табуы керек болды. Ал сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларды жағымды тосынсыйлар мен сыйлықтар күтті.
Алғашқы оқырман әрі жүлде иегері — № 3 орта мектептің 3-сынып оқушысы Ерболатқызы Дана атанды.









