6 қаңтар күні «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Жаңа жыл еліндегі ғажайып саяхат!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мерекелік көңіл күй қалыптастыру, қатысушыларды Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерімен, оның символдары мен кейіпкерлерімен таныстыру. Бағдарлама аясында жаңа жылдық викторина, «Аяз атаның қапшығы» атты қимылды музыкалық ойын, сондай-ақ «Жаңа жылдық мим» байқауы ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер жаңа жылдық ән орындап, шеңбер жасап би билеуге қатысты. Кездесу балалардың кішкентай кезден таныс кейіпкерлері бейнеленген мейірімді мультфильмді тамашалаумен аяқталды.
