«Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» халықаралық онлайн-турнирі

Ср, 28/01/2026 - 17:02 — Ольга А

28 қаңтар күні ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» атты халықаралық онлайн-турнир өтті. Онлайн-турнир Қазақстан мен Ресейден келген қатысушыларды біріктіріп, зияткерлік ойын форматында ұйымдастырылды. Іс-шара мәдени диалогқа, білім алмасуға және кітапханалар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Турнирге төрт команда қатысты:

1. Троицк қаласы — «Ровесник» балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

2. Орынбор қаласы — Жастарға арналған орталық облыстық кітапхана

3. Қорған қаласы — В. Ф. Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

4. Қостанай қаласы — Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернаты

Турнир бағдарламасы Ыбырай Алтынсариннің өмірі, педагогикалық қызметі және әдеби мұрасына арналған 9 тақырыптық турдан тұрды. Ойын барысында командалар жоғары дайындық деңгейін, білімдарлығын, топпен жұмыс істей білу қабілетін және ұлы педагогтің шығармашылығын терең меңгергенін көрсетті.

Барлық турдың қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең көп ұпай жинаған үш жеңімпаз команданы анықтады. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды. Онлайн-турнирдің өткізілуі Ыбырай Алтынсариннің мұрасын кеңінен насихаттауға, оқырмандық мәдениетті дамытуға және халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мерейтойлық іс-шаралар легіндегі маңызды оқиға болды.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 223 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана