«The Best of the Best»

Жм, 06/02/2026 - 15:20 — Ольга А

6 ақпанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде 7-сынып оқушылары арасында «The Best of the Best» қалалық турнирінің екінші ойыны өтті.

№18 және №8 мектеп командалары ағылшын тілінде зияткерлік сайыста бақ сынасты. Қатысушылар Ұлыбритания туралы қызықты деректерден бастап, белгілі жазушылар мен ағылшын мақал-мәтелдеріне дейінгі білімдерін көрсетті.

Оқушыларға әсіресе «Ақиқат па, жалған ба», «Головоломка» байқаулары және антонимдерді жылдам табуды талап ететін әсерлі «Мухобойка» ойыны ерекше ұнады. Залда күлкі, қызығушылық пен жарқын эмоциялар үстем болды.

Сайыс нағыз бәсеке рухында өтті: әрбір ұпай маңызды болып, командалардың толқынысы шынайы әрі әсерлі сезілді. Ойын соңында командалар грамоталармен марапатталып, педагогтарға алғыс хаттар табысталды. Ал қатысушылар турнирге келесі жолы да қуана қатысатындарын жеткізді.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 211 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана