«Квизотека» интеллект-аренасы

Сс, 17/02/2026 - 15:42 — Ольга А

Тіркелу үшін суретті немесе QR-кодты басыңыз.

Квизотека — қарапайым ережелері бар сұрақ-жауап форматындағы командалық ойын. Сіз достарыңыздан команда жинап, кітапханамызға келесіз де, басқа командалармен жарыса отырып, уақытты керемет өткізесіз.
Ойындар тақырыптық (бір тақырыпқа арналған) және классикалық (әртүрлі тақырыптарды қамтиды) болып өтеді. Небәрі 7 турдан тұрады. Әр турда 7 сұрақ беріледі. Сұрақтар әртүрлі форматта болады: мәтіндік, суретті, аудио және бейне.
Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады!
Ойынға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Тіркелу арқылы біз командаңыздың атауын және қатысушылар санын білеміз, соның нәтижесінде сіздерді барынша ыңғайлы орналастыра аламыз.
Әр ойынның өтетін күні мен уақыты алдын ала кітапханада және біздің әлеуметтік желілерімізде (Fasebook және Instagram) жарияланады.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 110%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 219 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана