Кітапханада кәсіби бағдар беру бағытында іс-шара өтті. Іс-шараға №19 мектептің 8 «а» және 8 «б» сыныптарының оқушылары қатысты. Кездесу барысында мамандықтардың өзара сабақтастығы туралы әңгіме қозғалды. Атап айтқанда, кітапханада филологтар мен педагогтар сияқты сабақтас мамандық иелерімен қатар, өзге сала мамандары — кондитерлер мен тігіншілердің де еңбек ете алатыны айтылды. Сонымен қатар кітапханалық техникумда алынған қосымша мамандықтың болашақта үлкен мүмкіндік беретіндігі атап өтілді.
Іс-шара қонақтары — кітапхана қызметкерлері Байканова Айгүл Нұрлановна, Кравчук Елена Владимировна және Дубинец Оксана Алексеевна өздерінің еңбек жолы, бұрынғы қызметтері туралы баяндап, бірнеше мамандықты меңгерудің артықшылықтары жөнінде ой бөлісті. Кездесу аясында «Сұранысқа ие мамандықтар әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
