Зауре Туреханова

Зауре Туреханова — балалар жазушысы, сценарист. Зауренің шығармашылық жолы салыстырмалы түрде жақында басталды: ол Қазақстандағы балалар әдебиетін дамыту мақсатында халықаралық банкир қызметін тастап, әдебиет саласына бет бұрды. Бүгінде Зауре — тәуелсіз «Алтын қалам – 2014» әдеби байқауының жеңімпазы, сондай-ақ Қазақстанның беделді «Алтын Тобылғы – 2017» әдеби сыйлығының «Жылдың үздік балалар әдебиеті» номинациясы бойынша лауреаты. Бұл сыйлық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен табысталады. Зауре — қазақстандық балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы фэнтези-роман «Амина Туран в стране номадов» авторы, сондай-ақ «Алматыкітап баспасы» баспасынан шыққан патриоттық бағыттағы «Мой Казахстан» сериясындағы екі кітаптың авторы. Балаларға арналған бұл серияның алғашқы кітабы — «Наш любимый город Алматы», Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, 2016 жылы жарық көрді. Ал екінші кітабы — «Сердце нашей родины – прекрасная Астана», Қазақстан Республикасының астанасының 20 жылдығына арналған, 2017 жылы басылып шықты. «Мой Казахстан» сериясындағы екі кітап та АҚШ Конгресінің кітапханасында сақтаулы. Жазушының кітаптарының жалпы таралымы 16 000 данадан асады. Зауренің кітаптары отанға деген сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, білімге құштарлық тақырыптарын арқау етеді. Автордың басты мақсаты — Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды және әдебиетті танымал ету. Ал үлкен арманы — «Амина Туран» туралы шытырман оқиғалар сериясы арқылы әлем оқырмандарын Ұлы дала көшпелілерінің мәдениетімен, дәстүрімен және ертегілерімен таныстыру.

Шығармалары:

  1. Туреханова З. Амина Туран в стране номадов : детско-юношеский роман-фэнтези / З. Туреханова; худож. Н. Абишев.- Алматы: Алматыкітап, 2018.- 324,[4] с.: ил. (имеется в нашей библиотеке)
  2. Туреханова, З. Наш любимый город Алматы: путеводитель / З. Туреханова. - Алматыкітап, 2016. - (Мой Казахстан).
  3. Туреханова, З. Невидимые соседи: повесть / З. Туреханова – Алматыкітап.- 2017.
  4. Туреханова, З. Сердце нашей Родины – прекрасная Астана: путеводитель / З. Туреханова - Алматыкітап, 2017. - (Мой Казахстан).

Интервью

  1. Галеева Н. Как книги казахстанского автора попали в библиотеку Конгресса США [Электронный ресурс] // ELORDA AQPARAT- информационный портал – url: https://elorda.info/ru/news/view/kak-knigi-kazahstanskogo-avtora-popali-v-biblioteku-kongressa-ssha
  2. Галеева Н. Я буду развивать детскую литературу Казахстана – Зауре Туреханова, писатель [Электронный ресурс] : интервью с детским писателем Казахстана // TOP-PRESS: информационный портал - url: https://toppress.kz/article/48080
  3. Зауре Туреханова - детский писатель. «Сана» [Электронный ресурс] // Хабар – информационный портал [www.khabar.kz] – url: https://khabar.kz/ru/arkh-v-sa-a/item/108429-zaure-turekhanova-detskij-pisatel-sana (видео)
  4. Майсеитова А. Книга учит с детства : Литературная гостиная / А. Майсеитова // Казахстанская правда. - 2019. - 1 февраля (№ 21). - С. 8. url: https://www.kazpravda.kz/articles/view/zaure-turehanova-kniga-uchit-s-detstva
  5. Усенова Дария «Амина Туран в стране номадов» : Писательница Зауре Туреханова — о своей книге для детей [Электронный ресурс] // The STEPPE – информационный портал – url: https://the-steppe.com/lyudi/amina-turan-v-strane-nomadov-pisatelnica-zaure-turehanova-o-svoey-knige-dlya-detey http://www.awardslondon.com/зауре-туреханова/

Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 204 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана