20 ақпанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде 7-сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «The best of the best» қалалық турнирінің финалы өтті. Іс-шара екі команда — №18 және №19 мектеп оқушылары арасында «Своя игра» форматындағы теледидарлық-интеллектуалдық ойын түрінде ұйымдастырылды. Ойынның тақырыбы — Англия және осы елге қатысты мәліметтер. Турнир бес санаттан тұрды: «Ұлыбританияға саяхат», «Мерекелер», «Танымал тұлғалар», «Әдебиет», «Грамматика». Әр санатта ұпай саны әртүрлі бес сұрақ ұсынылды. Сұрақтың күрделілігіне қарай берілетін ұпай саны да артты.
Ойын оқушылардың қызығушылығын бірден оятып, белсенді қатысуына ықпал етті. Командалар арасында бәсекелестік, қызығушылық пен тартыс байқалғанымен, іс-шара достық және жағымды атмосферада өтті.










