Экскурсия

Чт, 26/02/2026 - 14:43 — Ольга А

Бүгін біздің кітапханаға Қостанай қаласындағы №20 жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушылары экскурсиямен келді.
Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың тарихымен танысып, оның бөлімдері мен залдары, олардың қызметі мен оқырмандарға ұсынатын мүмкіндіктері туралы мәлімет алды. Кітапханашы балаларға кітапханада өзін-өзі ұстау ережелерін, кітапты дұрыс пайдалану жолдарын және баспа өнімдеріне ұқыпты қараудың маңыздылығын түсіндірді.
Балалар танымдық викторинаға белсенді қатысып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар олар 185 жылдығына арналған ұлы қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы кітап көрмесімен танысты. Оқушылар ағартушының өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты деректерді біліп, кітапхана қорындағы туындыларын тамашалады.
Экскурсия жылы әрі достық атмосферада өтті. Кездесу соңында балалар кітапхананың тұрақты оқырманы болуға уәде беріп, ата-аналарымен бірге қайта келетіндерін айтты.


+ A -

Current Zoom: 230%

Электронный каталог

Послание 2025

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему