Қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, ұлы ақын әрі ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы мен өмір жолын жасөспірімдер мен балалар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі кітапхана қабырғасында өтті.
Байқауға барлығы 17 үміткер қатысып, Шәкәрім Құдайбердіұлының ғибратқа толы 20 өлеңін жатқа мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар қатысушылар қазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.
Байқау соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, үздіктердің есімдерін жариялады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау қорытындысы:
-
І орын – Жангелді ауданы, Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Жақсылық Бақтылы Асхатқызы
-
ІІ орын – Арқалық қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Төлеуова Гүлбазар Жұмабекқызы
-
ІІІ орын – Амангелді ауданы, Жасбуын орта мектебінің 5-сынып оқушысы Аязбай Маржан Саятқызы
Барлық қатысушылардың жетекшілері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай тағылымды байқаулар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.










