«Ыбырай Алтынсаринді оқимыз»
Бүгін кітапханада жыл сайын наурыз айының алғашқы сәрсенбісінде аталып өтетін Халықаралық дауыстап оқу күніне орай «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты іс-шара өтті. Мерекенің басты мақсаты — оқудың маңызын арттырып, оны әлемді танудың тиімді жолдарының бірі ретінде насихаттау. Биылғы акция көрнекті педагог-ағартушы, қоғам қайраткері, жазушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі — Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына, сондай-ақ оның туғанына 185 жыл толуына арналды. Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ағартушының өлеңдері мен әңгімелерін дауыстап оқыды.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқу балалардың маңызды адамгершілік қасиеттерін дамытуға, патриоттық сезімін қалыптастыруға және өз мәдениеті мен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
