5 наурыз күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Минск қаласындағы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамен «Мәдени тоғысу: мәдениеттер диалогы» атты онлайн-кездесу өтті.
Іс-шараға Қызмет көрсету саласының колледжі мен Қостанай колледжінің студенттері қатысты. Жастар беларусь халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысып, бауырлас елдің мәдениеті, тарихы және ұлттық ерекшеліктері туралы қызықты әңгіме тыңдады.
Кездесуге Қостанайдағы беларусь қауымдастығының өкілдері де қатысты. Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз хатшысы Дарья Сергеевна Щербакова құттықтау сөз сөйледі.
Кездесудің көркі Қостанайдан ұсынылған музыкалық сый болды — Светлана Обухова мен Наталья Пикулёваның орындауында беларусь халық әні «Лявониха» шырқалды.










