№4 ЖБ мектебінің 1–4 сынып оқушылары үшін ғалым, жазушы-натуралист әрі зоолог Максим Дмитриевич Зверевтің туғанына 130 жыл толуына арналған «Жасыл әлемнің құпия патшалығында» атты библиосабақ өткізілді. Сабақ барысында балалар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты деректермен танысып, өздерін із кесуші ретінде сезініп көрді және орман жұмбақтарын шешті. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға автордың қанатты сөздері жазылған естелік кітап бетбелгілері табыс етілді.










