
Бүгін біздің кітапханамызға кішкентай оқырмандар — Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның оқушылары қонаққа келді! ????????
Балалар үшін қызықты экскурсия ұйымдастырылып, олар өнер туралы әдебиеттер бөлімімен танысты және ғажайып шығармашылық әлеміне саяхат жасады ????✨
Ал кездесу соңында бәріміз бірге аздап өнер көрсетіп, оригами техникасында балмұздақ жасадық!