Кітап Спринті 50/50

Ср, 19/08/2026 - 14:51 — Ольга А

Оқуға уақыт жоқ па? Емтихан, сабақ, шаруалар, лентаны ақтару... Бұл жүйені өзгертетін кез келді.

«Кітап Спринті 50/50» челленджін бастаймыз - оқығысы келетін, бірақ үнемі кейінге қалдыра беретіндерге арналған!

Ережелер қарапайым:

Күніне 10 беттен оқисың (бар болғаны 15 минут!).

Жабық чатта белгі бересің (плюс, 10 секундтық аудио немесе кітаптан күлкілі дәйексөз).

Аптасына бір рет кітапханаға 1 сағатқа келесің: 3 минут ішінде инсайттарымызбен бөлісіп, кейіпкерлерді талқылап, пікірталас құрамыз.

Не оқу керек? Кез келген нәрсені! Детектив, триллер, поп-психология, комикс, манга немесе классика. Ең бастысы – тұрақтылық.»

Бонус: Кітапханадағы VIP-статус софт-скиллдер дағдыларын шыңдау және төзімділікті сынау (сенде бар болғаны 3 «өмір» бар!).

Басталуы - қыркүйекте. Чаттағы орындар шектеулі!

QR-кодты сканерле және чатқа дәл қазір қосыл!

Күніне 15 минут бәрін өзгертуге болатынын өзіңе дәлелде!


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2025

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему