Экскурсия

Дс, 24/08/2026 - 16:56 — Ольга А

Бүгін Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырған «Елтану» туристік-өлкетанулық экспедициясының қатысушылары кітапханамызға арнайы ат басын бұрды.
Экспедицияның басты мақсаты – ұлы ұстаздың тарихи, әдеби және педагогикалық мұрасын зерттеу арқылы жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстаным мен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сондай-ақ олардың танымдық және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Экспедиция қатысушылары Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының тарихымен және тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты.
Кездесу барысында қонақтар кітап қорымен, түрлі бөлімдердің қызметімен, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттермен, жаңа кітаптармен, мерзімді басылымдармен және кітап көрмелерімен танысты. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы ұстаз ұлағаты» көрмесі де қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Ашық кітапхана» алаңын, шығармашылық үйірмелерді, кішкентай оқырмандарға арналған ертегілер мен танымдық әдебиеттер қорын тамашалады. Кітапхананың әр бөлімінің өзіндік ерекшелігі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Кездесу соңы қонақтарға ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің бюсті таныстырылымымен және естелік суретпен қорытындыланды.

+ A -

Current Zoom: 100%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 150 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана