Достық тілінде сөйлейміз

Пт, 04/09/2026 - 15:56 — Ольга А

Бүгін ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған «Достық тілінде сөйлейміз» атты лингвотурнир өтті.

№3 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары қызығушылықпен өз білімдерін сынап, интерактивті тапсырмаларды орындап, тілдік алуантүрліліктің ғажайып әлемімен танысты.

Көңілді әрі достық атмосфера балаларға жаңа дүниелерді біліп қана қоймай, уақыттарын бірге қызықты өткізуге мүмкіндік берді.

Тіл адамдарды біріктіреді, ал білім бір-бірімізді жақсырақ түсінуге көмектеседі!

Ынтымақтастық пен белсенді қатысқандары үшін мектеп әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз!


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2025

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему