11 қыркүйек күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы баршаңызды «КіtapTime-2026» республикалық фестивалі аясында өтетін BOOK DAY шарасына шақырады! Бұл жай ғана кітапханаға экскурсия емес.
Бұл – жаңа кітаптармен танысу, интерактивті шаралар, ойындар және жаңа дүниелерді оқуға деген тың идеялар!
Бағдарламада:
«Кітапханадағы сенің күнің» – кітапхана және оның мүмкіндіктерімен таныстыратын кітапхана бойынша саяхат.
«Жалықтырмайтын ғылым» – білуге құштар жандарға арналған кітап көрмесі.
«Жан мен ақыл үшін не оқу керек» – келесі кітабын іздегендерге арналған кітап мәзірі.
«Кітап гиді» – қызықты басылымдардың жедел таныстырылымы мен шолуы.
«Кітап лабиринті» – жұмбақтар, шығармашылық тапсырмалар және күтпеген кітап жаңалықтары қамтылған интерактивті экскурсиялық-ойын бағдарламасы.
Бағдарламалар жоғары сынып оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде, мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, сондай-ақ өнер әдебиеті бөлімінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.
Бір күн. Бір кітапхана. Жаңа жаңалықтар ашуға жүздеген мүмкіндік.
11 қыркүйек – BOOK DAY-де кездескенше!
Өзіңіз келіңіз және достарыңызды да шақырыңыз!
#КіtapTime2026 # BOOKDAY #КнижныйЛабиринт #Библиотека #Костанай #Книги #Чтение










