«Кітапханадағы сенің күнің»: библио-тур

Fri, 11/09/2026 - 16:07 — Ольга А

Оқу жылының басында оқушылар мен студенттер библио-турға қатысып, кітапхананы жаңа қырынан таныды. «Жалықтырмайтын ғылыми-көпшілік әдебиет» көрмесінде олар адам миының жұмысы, химия, биология және айналамыздағы таңғажайып құбылыстар туралы қызықты кітаптармен танысты. Ал көркем әдебиет бөлімінде оқырмандар арасында бүгінде қандай кітаптардың ерекше сұранысқа ие екенін біліп, оқу тізіміне қандай шығармаларды қосуға болатынын анықтады.  Аздап ғылым, аздап әдебиет және көп қызығушылық - «Кітапханадағы сенің күнің» дәл осылай өтті!

Ал сен кітапханадан әлі қойып үлгермеген сұрақтарыңа да жауап табуға болатынын білесің бе?


+ A -

Current Zoom: 100%

User login