Отбасы - бұл біз

Жм, 11/09/2026 - 17:41 — Ольга А
Отбасы күні мерекесі қарсаңында №15 мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін бөбекжай-бақшасының «Балдырған» және «Балапан» ересек топ тәрбиеленушілеріне арналған «Отбасы - бұл біз» атты тақырыптық іс-шара өтті. Іс-шара ең қымбат қазынамыз - отбасына арналды. Балалармен бірге ең жақын әрі қымбат жандарымыз туралы әңгімелесіп, отбасы мүшелерін еске түсірдік. Сонымен қатар «Кітаптағы отбасын құрастыр», «Біздің үйдің қамқоршылары», «Еркелетіп ата», «Кімге не қажет?» және «Көмекшілер» атты ойындар ойнадық.
Балаларға әсіресе «Отбасыма жүрекше» атты шығармашылық тапсырма ұнады. Әр бала өз жүрекшесін безендіріп, оны кімге сыйлағысы келетінін айтып берді. Іс-шара соңында балалар сүйіспеншілік, қамқорлық, мейірімділік пен достықты бейнелейтін жүрекшелермен безендіріп, «Біздің отбасылық үйіміз» атты ұжымдық композиция жасады. Тақырыптық сабақ Б. Әлімжановтың «Менің отбасым» және А. Бартоның «Әжемнің қырық немересі болды» атты өлеңдерін оқумен аяқталды.
Әр отбасында әрдайым махаббат, өзара түсіністік, қамқорлық пен жылулық орнасын!

+ A -

Current Zoom: 100%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 129 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана