Ұлы қазақ ағартушысы, педагог әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ыбырай Алтынсарин мұрасы – ұлт руханиятының шамшырағы» атты іс-шара аясында кітапханамызға Челябі, Троицк қалалары мен Свердлов облысынан келген өңірлік қоғамдық ұйымдар мен қазақ мәдени орталықтарының басшылары арнайы қонақ болды.
