
15 қарашада Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні атап өтіледі. №18 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары үшін Қостанай теміржол ауруханасының денсаулық медициналық орталығының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Балаларға темекі шегудің адамға қалай әсер ететіні, никотиннің әсерінен қандай күйде болатыны туралы айтылып, нақты көрсетілді. Кітапханашы темекі шегудің зияны туралы кітаптарды ұсынды.