«Кітапхана және интернет»: подкасты

Втр, 24/11/2026 - 15:31 — Ольга А

Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдармандар! Кітаптар, тарих және адамдар туралы әңгіме өрбітетін подкастымызға қош келдіңіздер!

Бүгін бізбен бірге: философия ғылымдарының кандидаты Юрий Яковлевич Бондаренко; жазушы, Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдеби-ақпараттық секторының меңгерушісі Алексей Олексюк; журналист әрі кітапханашы Маргарита Абдуллаевна Бек; Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиография бөлімінің меңгерушісі Елена Анатольевна Харитонова.

Бүгінгі әңгімеміз күрделі болғанымен, аса қызықты тақырыпқа – билік, көшбасшылық және олардың адамға тигізетін ықпалына арналады. Әңгімеге арқау болған негізгі ойлар геостратег Андрей Школьниковтың идеяларынан бастау алды.

Біз тарихи оқиғаларға, белгілі тұлғалардың тағдырларына, сондай-ақ кейіпкерлер бейнесі арқылы биліктің тетіктері, жауапкершілік, таңдау және адами қарым-қатынас мәселелері ашылатын көркем әдебиет туындыларына жүгіндік.

Тақырыпты тереңірек түсінуге біз әңгіме барысында сөз еткен мына кітаптар көмектеседі: Платон «Мемлекет»; Фазиль Искандер «Қояндар мен айдаһарлар»; Роберт Грин «Биліктің 48 заңы»; Филипп Зимбардо «Люцифер әсері. Неліктен жақсы адамдар жауызға айналады?»; Алексей Поляринов «Екі келіге жуық сөз»; Вера Богданова «Уланған жемістер маусымы».

Тіпті әңгімемізде аталып өтпеген мынадай шығармалар да бар: Роберт Уорреннің «Патшаның бар жасағы», Жан-Пьер Де Флорианның «Карталар үйі», Александр Дюманың «Королева Марго», Уильям Голдингтің «Шыбындар әміршісі», Джордж Оруэллдің «1984» және «Мал қорасы», Фрэнк Герберттің «Дюна», Джордж Мартиннің «Тақтар ойыны»…

Бұл кітаптар билікке оны қалыптастырған адамдардың, оған қарсы тұрғандардың және тағдыры биліктің қолында болған жандардың көзімен қарауға мүмкіндік береді.

Оқыңыздар, ой елегінен өткізіңіздер, пікір алмасыңыздар және жаңа жаңалықтар ашу үшін кітапханаға келіңіздер! Өйткені жақсы кітап соңғы бетімен аяқталмайды – ол біздің ойымыз бен іс-әрекетімізде өз жалғасын табады.


+ A -

Current Zoom: 110%

Электронный каталог

Послание 2026

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему