КҮЗДІҢ АЛТЫН СИМФОНИЯСЫ

Tue, 24/11/2026 - 15:55 — Ольга А

«Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне арнап табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында «Күздің алтын симфониясы» атты поэзиялық алаң түрінде танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар күздің ғажайып әлеміне саяхат жасап, оның ерекшеліктерімен танысты, күз белгілерін, күз айларын, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді еске түсірді.Балалар күз туралы өлеңдер мен әңгімелер тыңдап, интерактивті ойындарға қатысып, тақырыптық жұмбақтарды шешті. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, сонымен қатар олар алтын күздің қайталанбас сұлулығына тағы бір мәрте тамсануға мүмкіндік алды.


+ A -

Current Zoom: 90%

User login