Новости


Ашық есік күні

Сс, 27/05/2025 - 12:03 — Ольга А

#Қазақстанбалалары



Ашық есік күні

Сс, 27/05/2025 - 11:50 — Ольга А

27 мамырда күні бойы Ашық есік күні өтті. Бұл күні кітапханаға келушілерді экскурсиялар, көрмелер, шағын викториналар күтіп тұрды. Кітапханаға келген мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылар кітапхананың құрылу тарихы туралы әңгімені қызығушылықпен тыңдап, оның бөлімдерін аралап, көрмелермен танысты. Біздің тұрғындарымызды абонементте де қызықты нәрселер күтіп тұрды, бірақ көбінесе балалардың назарын «Танысыңдар, біз Жаңалық» көрмесі, ал кез-келген адам «Ашық кітапханадан» кітапты үйге алып кете алды. Ашық есік күні жағымды әсер қалдырды.

#Қазақстанбалалары



"Квизотека" интеллект-аренасы

Жк, 25/05/2025 - 22:33 — Ольга А

Квизотекамен өткен тағы бір көңілді де танымды күн!

Қатысушылар білімдерімен көзге түсіп, логикаларымен таң қалдырды және ең күрделі тапсырмаларды да ептілікпен орындады. Атмосфера ыстық болды, толқу масштабтан тыс болды, ал күлкілер бүкіл фотосессияға жетті.

Ойынның нәтижелері:

1 орын - Биполярность

2 орын - ΠΛΘΨΩ

3 орын - Сплетницы

Ең  үздік орын - Какая разница

Бізбен бірге болғандардың барлығына рахмет-сіздермен бұл ойын жарқын және ұмытылмас болды.  Келесі Квизотекаға аз уақыт қалды, жіберіп алма!



Әкем — тірегім, анам – жүрегім

Бс, 22/05/2025 - 17:24 — Ольга А

Бүкіл Қазақстан бойынша 22 мамырдан 30 мамырға дейін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай іс-шараларды өткізу шеңбері өтеді.

Ы. Алтынсарин атындағы кітапханасында «Әкем — тірегім, анам – жүрегім» отбасы мен отбасылық құндылықтарға арналған іс-шара өтті.Балалар Ы. Алтынсарин, В. Осееваның шығармаларымен танысып, викторина мен сайыстарға қатысты, сондай-ақ отбасы, достық туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер айтылды . Іс-шараның соңында балалар отбасы әрқайсымыз үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе деген қорытындыға келді.

#Қазақстанбалалары



Ғасырлар үні

Ср, 21/05/2025 - 17:23 — Ольга А

21 мамыр  Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттеріне «Ғасырлар үні» атты интерактивті дәріс өткізді. Студенттер поэтикалық сөздің мәдениеттегі рөлі, ұлы ақындар мен поэзияның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімені қызығушылықпен тыңдады.



Дулатов көшесіндегі блиц-сауалнама

Ср, 21/05/2025 - 10:34 — Ольга А

Міржақып Дулатұлы - біздің мақтанышымыз, өз дәуірінің теңдесі жоқ көсемсөз шебері, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы, азамат ақын, Алаштың көшбасшыларының бірі, отарлық езгіге қүрескен қоғам қайраткері болуымен қатар, қазақ даласының рухы өр поэзияның барлық саласын қамтыған. Ол елінің болашағы үшін жан сала күресіп, қарайған халқын қараңғылықтан алып шығып, азат заманның, бейбіт өмірдің шуағына шомылдыруды армандаған асыл ер.

«Етемін үміт жастардан...» деп жазған шумағымен кітапханашыларымыз қаламыздың Дулатов атындағы көшесінде сауалнама жүргізді.



Менің Қазахстаным

Сс, 20/05/2025 - 14:48 — Ольга А

Биыл Халық суретшісі Вадим Сидоркиннің (1930-1982) туғанына 95 жыл толды. Суретшінің туындылары бүкіл әлемдегі мұражайлар мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Ол артына қазіргі заманғы суретшілерді шабыттандыратын бай мұра қалдырды.



Мастер класс "Сирень бұтағы"

Дс, 19/05/2025 - 11:56 — Ольга А

Әулиекөл ауданы орта мектебінің 3-сынып оқушылары кітапханамызға қонаққа келді. Балаларға кіші әдебиет бөлімінде экскурсия ұйымдастырылып, кітапханашылар ойын-сауық және танымдық бағдарлама өткізді. Сондай-ақ көркем әдебиет бөлімінде балаларға арналған экскурсия ұйымдастырылды, онда балалар қызықты кітаптармен танысып, ерекше көрмелерді тамашалады, сондай-ақ олар жиегін өңдеу техникасы бойынша мастер клас өткізді. Біз сирень бұтағын жасадық. Жиегін өңдеу көп шыдамдылық пен уақытты талап етеді, бірақ нәтижесі тұрарлық.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 191 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана