Новости


«Чернобыльдің мәңгі жаңғырығы» - естелік сабағы

Жм, 24/04/2026 - 12:40 — Ольга А

Абай атындағы мектептің 10-сынып оқушыларына арналған «Чернобыльдің мәңгілік жаңғырығы» атты еске алу сабағы өткізілді. Іс-шараға Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқан ардагерлер шақырылып, олар қырық жыл бұрын болған оқиғалар туралы оқушыларға баяндап берді.

Оқушылар қонақтарға: «Қазіргі уақытта Чернобыльде адамдар тұра ма?», «Апат салдарын жою жұмыстары қалай жүргізілді?», «Сіздер қандай міндеттер атқардыңыздар?» деген сұрақтар қойды.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты «Чернобыль жаңғырығы» атты көрме ұйымдастырылып, онда апат пен оның салдары туралы иллюстрациялық материалдар ұсынылды. Бұл — болашақ ұрпаққа арналған тағылымды ақпарат.



Сөз құдіреті

Бс, 23/04/2026 - 14:41 — Ольга А
Ұлттық кітап күніне орай кітапханада ұйымдастырылған іс-шаралар марафонының қорытынды кезеңі XIII облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының финалымен аяқталды. Биылғы «Менің сүйікті кітабым!» тақырыбындағы байқау айрықша мазмұнмен ерекшеленіп, қатысушылардың шынайы орындауы, терең сезімі мен көркем сөзді әсерлі жеткізуі арқылы жан-жақты ашылды. Қатысушылардың шынайылығы, мәтінді терең түсінуі және сахналық шеберлігі қазылар алқасының шешім қабылдауында негізгі өлшемдер болды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
I орын – Сиражиден Сырғалым (Амангелді ауданы)
II орын – Ожар Аяла (Қарабалық ауданы)
III орын – Самарских Вадим (Қарасу ауданы)
Номинациялар:
«Мұра» – Алтай Анель (Мендіқара ауданы)
«Әртістік шеберлік» – Бейсембай Асима (Қостанай қ.)
«Үздік бейне» – Пономарёва Ясмина (Қостанай ауданы)
«Көрермен көзайымы» – Орлова Алиса (Бейімбет Майлин ауданы)
Іс-шараның көркін аша түскен Ольга Янкова мен Ксения Серованың әсерлі әрі жоғары деңгейдегі өнер көрсетулері ерекше атап өтілді.
Іс-шараның ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен серіктестер мен демеушілер – «Березка» дүкені, «Азия» сауда үйі және «Пироги да Булки» наубайханасына алғыс білдіреміз.
«Сөз құдіреті» байқауы – бұл тек өнер сайысы ғана емес, кітаптың үнін естіртіп, оқырман жүрегіне жол табатын мәдени алаң.



Мерекемен құттықтаймыз!

Бс, 23/04/2026 - 10:52 — Ольга А



Надежда Рунде: шекарасыз сөз

Ср, 22/04/2026 - 14:25 — Ольга А

22 сәуірде Ұлттық кітап күні аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Германияда тұратын балалар ақыны, ертегіші Надежда Рундемен «Надежда Рунде: шекарасыз сөз» атты онлайн кездесу өтті. Кездесуге Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің, №4 және №17 мектептердің 5-сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында қаламгер өз өмірі мен шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, балаларға арнап бірнеше өлеңдерін оқып берді.

Надежда Рунде — тек жазушы ғана емес, сонымен қатар баспагер. Оның баспасынан орыс және неміс тілдерінде танымдық, мазмұны бай, көңілді әрі қызықты кітаптар жарық көреді. Екі жыл бұрын автор Костанай облысындағы барлық балалар кітапханаларына бірнеше кітапты сыйға тартқан болатын.

Солардың бірі — көркем безендірілген «Альпийская корова» кітабы бойынша арнайы таныстырылым ұйымдастырылды. Шара барысында 5 сынып оқушылары өлең оқып, авторға сұрақтар қойып, викторинаға белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.

#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026



Сәлем, оқырман!

Ср, 22/04/2026 - 11:35 — Ольга А
​«Ұлттық кітап күні» апталығы аясында бүгін бізде ерекше әрі мазмұнды жүздесу өтті! Заманауи қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері және балалардың сүйікті жазушысы Айзат Рақышпен «Сәлем, оқырман!» атты онлайн кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қостанай қаласының жас кітапсүйер қауымы – №11 жалпы білім беретін мектептің 6 «Ә» және №17 мектептің 5 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты.
​Кездесу өзегі жазушының «Қиялым, самға, шарықта» атты хикаяты болды. Оқушылар шығарманың кейіпкерлерімен бірге арман әлеміне саяхат жасап, туындының тәрбиелік мәні мен мазмұнын тереңнен талдады.
​«Балалар әдебиеті – болашақтың іргетасы». Айзат Рақыштың шығармалары жас буынды биік армандарға жетелейтініне тағы бір мәрте көз жеткіздік. ​Оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жазушыдан шығармашылық шабыт алды. Кітапқа деген құштарлық осындай кездесулерден басталады!


Ұлттық кітап күні марафоны жалғасуда!!!

Сс, 21/04/2026 - 15:26 — Ольга А

21 сәуірде Ұлттық кітап күні аясында кітапхана «Кітап. Тарих. Шежіре=Книга. История. Летопись» атты іс-шарада келушілерді ерекше кітап жаңалықтары мен сирек кітаптар әлеміне саяхат жасауға шақырды.

Іс-шараға Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің және Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері, сондай-ақ №14 мектептің оқушылары қатысып, кітаптың шынайы құдіретіне көз жеткізді.

Бағдарламасы бойынша қатысушылар кітапхананың барлық «құпия» бұрыштарын аралап, «Ғажап күшті кітаптар» интерактивті экспозициясының куәсі болды. Мұнда олар сирек басылымдармен, танымал тұлғалардың қолтаңбасы қойылған құнды және ерекше форматтағы бірегей жинақтармен танысты. Сонымен қатар, Sherlock’s Lab зертханасының құралдарын, олар-үлкейткіш әйнектер мен қолғаптарды пайдалана отырып, көне кітаптарды, жұмбақ жазбаларды және үлкен, кішкентай, әрі ойыншық кітаптардың ерекше пішіндерін зерттеді.

«Сарғайған парақтар сыры» техно-зертханасында қатысушылар теориямен шектелмей, тәжірибелік жұмысқа да ден қойды. Олар желім, қағаз, бұрағыш және өзге де кәсіби құралдарды пайдаланып, тозығы жеткен кітаптарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі — «CREATIVE WRITING» нейро-сессиясы болды. Қатысушылар әдеби жанрлар мен көркемдік стильдерді, промпт құрастырудың техникалық тәсілдерін еске түсіре отырып, ЖИ көмегімен кітап мерекесіне өздері және оқу магиясы туралы шығармашылық кітаптар жасады.

Бұл күн мазмұнды, қарқынды, танымдық әрі қызықты өтті.



Ауладағы ашық кітапхана

Дс, 20/04/2026 - 16:53 — Ольга А

Ұлттық кітап күні аясында ашық кітапханада «Атмосфералық экшн» атты интерактивті жоба өтті. Іс-шара «Фотограф» тренингімен басталды, онда оқушылар жұптарға бөлініп, кітаптар мен ұсақ бөлшектерге назар аударуды үйренді. Одан кейін коммуникацияға арналған ойын өтті: қатысушылар сөз қолданбай, тек вербалды емес қарым-қатынас арқылы белгілі бір ретпен қатарға тұруы тиіс болды. Келесі кезекте «Атомдар мен молекулалар» ойыны ұйымдастырылды, онда жүргізуші айтқан санға сәйкес оқушылар топтарға бірікті. Қорытынды кезең «Кітап конвейері» ойыны болды — қатысушылар кітаптарды бастарына ұстап, кедергілер жолағынан өтті. Аралық бекеттерде оларды кітаптар бойынша блиц-сұрақтар күтіп тұрды. Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің жоғары эрудициясын көрсетті.

#ҰлттықКітапКүні2026 #НациональныйДеньКниги2026



Сәлем, оқырман!

Дс, 20/04/2026 - 15:12 — Ольга А

Жазушы Сәуле Досжанмен онлайн-кездесу өтті

20 сәуір күні ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Ұлттық кітап күні аясында қазақстандық жазушы Сәуле Досжанмен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар автордың «Ауылдан шыққан миллионер» повесінің мазмұнын талқылап, шығармаға қатысты, сондай-ақ жазушының шығармашылығы мен өмір жолына байланысты сұрақтарын қойды.

Кездесу интерактивті форматта Абай атындағы, Спандияр Көбеев атындағы және №17 жалпы білім беретін мектептердің 7–8 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Оқушылар жоғары қызығушылық танытып, әңгімеге белсенді қатысты. Соның арқасында кездесу мазмұнды, танымдық әрі әсерлі өтті.



Бағасы жоқ құндылықтар бар

Дс, 20/04/2026 - 12:21 — Ольга А
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының төрінде білім мен кітаптың мерекесі жалғасуда! Ұлттық кітап күні апталығы аясында біздің кітапханада ерекше рухтағы «Бағасы жоқ құндылықтар бар» атты квест ойыны өтті.
​Бұл жолы бізге қонаққа қаламыздың ең пысық, білімге құштар шәкірттері келді:
№24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары;
№14 жалпы білім беретін мектебінің 5-сынып оқушылары.
​Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған бұл шара нағыз интеллектуалды додаға айналды. Балалар тек тапсырма орындап қана қоймай, логикалық сұрақтарға жауап беріп, туған мәдениетіміз бен әдебиетіміз бойынша білімдерін сынады.

#ҰлттықКітапКүні2026 #НациональныйДеньКниги2026


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 610 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана