
Новости
Кітапханада 16 сәуір мен 23 сәуір аралығында өтетін Ұлттық кітап күні
Сс, 14/04/2026 - 11:37 — Ольга А
«Біздің Жер планетамыз!»
Дс, 13/04/2026 - 14:44 — Ольга А«Біздің Жер планетамыз!» атты көрмені тамашалауға шақырамыз! ????
Біз сіздер үшін қоршаған ортаны қорғауға қатысты ең өзекті материалдарды жинақтадық. Сөрелерден биоалуантүрлілікке арналған көркем басылымдарды («Жердегі жұмақ», «Көк планета») ғана емес, сонымен қатар климаттың өзгеруі мен нанопластиктің жасырын қаупі туралы ғылыми зерттеулерді де таба аласыздар.
Сонымен қатар, ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін QR-кодтар да дайындалған!????
Сіздерді күтеміз! Жердің болашағына бірге қамқор болайық!
Қалдық материалдардан жасалған тасбақа
Дс, 13/04/2026 - 12:09 — Ольга А11.04.2026 күні Өнер бөлімінде «Оригами+» үйірмесінде балалар қалдық материалдардан тасбақа жасап, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, олар ұқыптылыққа, шыдамдылыққа үйреніп, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінді.

«Не оқуға болады?» (проект): "Если все кошки в мире исчезнут" Г.Кавамура
Жм, 10/04/2026 - 11:38 — Ольга АБір ғана кітапты сақтап қалу мүмкіндігі болса, сіз қай кітапты таңдар едіңіз? Ойыңызбен бөлісіңіз! Бүгін «Не оқуға болады?» айдарында Гэнки Кавамураның «Если все кошки в мире исчезнут» атты әсерлі туындысы ұсынылады.
Кітап – ұрпаққа аманат
Бс, 09/04/2026 - 14:09 — Ольга АБүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қабырғасында 10–11 сынып оқушыларына арналған жарқын әрі креативті іс-шара өтті. Оқушылар қазақ тіліндегі жаңа әдебиеттермен танысып, кейін өздерін нағыз агенттік ретінде сезініп, шығармаларды жастар аудиториясын қызықтыратындай етіп жарнамалап көрді. Бұл үшін әлеуметтік желілерге арналған тартымды тақырыптар, қазіргі заман кейіпкерлерімен байланысты тосын шешімдер және бүгінгі қоғамда сұранысқа ие болуы мүмкін киім үлгілерінің идеялары ұсынылды.
Жобаларды қорғаудан кейін қатысушыларды мазмұнды да қызықты интерактивті бөлім қарсы алды: әдеби кейіпкерлерді бейнелеуге арналған «Крокодил» ойыны және шығармаларды табуға бағытталған ребустар ұсынылды. Іс-шараның атмосферасы ерекше серпінді, әсерлі әрі шабытқа толы болды. Бұл кездесу тағы бір мәрте дәлелдеді: классика – жалықтыратын дүние емес. Ол – уақыт өткен сайын құнын жоғалтпайтын, әр дәуірмен үндесіп, адам жанына әсер ететін терең эмоциялар мен мағыналар әлемі.

«Денсаулық формуласы»
Сс, 07/04/2026 - 15:48 — Ольга А
Биыл «Бірге – денсаулыққа. Бірге – ғылыммен» ұранымен ұйымдастырылған Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Денсаулық формуласы» атты тренинг элементтерімен толықтырылған мазмұнды әрі әсерлі интерактивті кездесу өткізілді.
№19 мектептің 8-сынып оқушылары физикалық және психикалық саулықтың маңызды мәселелерін жоғары деңгейдегі маманмен талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Хакимова В.Б. шақырылды — ол жай ғана психолог емес, психология ғылымдарының магистрі әрі Халықаралық әлеуметтік психотерапевтер қауымдастығының мүшесі.
Сонымен қатар, Қостанай облысы Аналар кеңесінің өкілі Жұмасұлтанова Жадыра Өмірбекқызы қатысып, отбасы мен қоғамдағы салауатты қарым-қатынастың адамгершілік қырларына тоқталды. «Қазіргі қоғамдағы денсаулық — бұл физикалық жағдай мен ішкі тыныштықтың үйлесімі. Ғылым бізге осы тепе-теңдікті табуға мүмкіндік беретін құралдар ұсынады», — деп атап өтті спикерлер.
«Баға жетпес құндылықтар болады»
Сс, 07/04/2026 - 15:38 — Ольга А
Балалар кітабы апталығы аясында Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 3–4 сынып оқушыларына арналған, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына негізделген «Баға жетпес құндылықтар болады» атты танымдық квест-ойын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар ерекше қызығушылық танытып, уақыттарын мазмұнды әрі әсерлі өткізді. Сонымен қатар, олар қазақтың көрнекті ағартушысының мұрасы туралы білімдерін тереңдете түсті. Квест барысында қатысушылар төрт кезеңнен тұратын сынақтардан өтті. Әр бөлім өзіндік мазмұнымен ерекшеленіп, тарих пен сауаттылықты, шығармашылықты, халық даналығын және тапқырлықты қамтыды. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешу арқылы әр кезеңде арнайы кілттерге ие болды. Жиналған кілттер олардың алған білімдерінің нышанына айналып, ойын соңында қатысушыларды білім мен даналыққа бастар символдық есікке жетеледі.
«Баға жетпес құндылықтар болады»
Дс, 06/04/2026 - 17:30 — Ольга А

«Квизотека» интеллект-аренасы
Сн, 04/04/2026 - 16:56 — Ольга АКвизотека: Нейрошторм
Нейрожелілер мен жасанды интеллектке арналған квизотека — әсерлі өтті! Қатысушылар болашақ технологиялар әлеміне терең бойлап, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Жылдам ойлау, тың идеялар мен күтпеген жауаптар ойынға ерекше серпін берді. Ал кей сәттерде бәрі бірдей: «Тоқта, бұл анық қой!» — деп таңданысын жасыра алмады.
Жеңімпаздар анықталды, бірақ ең бастысы — бәрі миын шыңдап, нағыз AI-вайбты сезінді.
Барша қатысушыға алғыс айтамыз!
Ойынның нәтижелері:
1 орын – АДД Птахи
2 орын - Культ Мифического Рассвета
3 орын - Биполярность
Келесі ойында кездескенше!




Сәлем, оқырман!
Бс, 02/04/2026 - 15:26 — Ольга А
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай заманауи балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, беделді әдеби сыйлықтардың («Заветная мечта», «Книгуру», Вл. Крапивин атындағы сыйлық, С. Маршак атындағы сыйлық, Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жөніндегі халықаралық кеңестің Андерсен дипломы) лауреаты Станислав Востоковпен онлайн-кездесу өтті.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қонағы ретінде №3 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Станислав Владимировичке көптеген қызықты сұрақтар дайындады: оның Дж. Даррелл негізін қалаған Джерси аралындағы табиғатты сақтау орталығындағы білімі мен жұмысы туралы, шығармашылығы жайлы, Мәскеу маңындағы ауылда өткен өмірі, болашақ әдеби жоспарлары туралы сұрады. Тіпті балалар ата-ананы қалай жақсы тәрбиелеуге болады деген ерекше сұрақ та қойды.
Кездесуден кейін жазушының өз шығармаларын қалай тудыратыны, оның кітаптарында неге сан алуан жануарлар бейнеленетіні және қоршаған орта тіршілігін өте шебер, әсерлі сипаттайтыны айқын болды.
Шын жүректен: «Рақмет сізге, Станислав Владимирович! Бізбен сұхбаттасуға келіскеніңіз — үлкен бақыт!» — деп айтқымыз келеді.









