Новости


«Не оқуға болады?» (проект): "Вечный хлеб" А. Беляев

Дс, 30/03/2026 - 10:43 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК «Алау» ТРК-мен бірлесіп «Не оқуға болады?» атты жобаны дайындады. 



Барлық заманға ортақ есімдер

Дс, 30/03/2026 - 09:18 — Ольга А

Василий Андреевич Тропинин (1776–1857) — орыс кескіндемешісі, романтизм бағытының өкілі, Мәскеудің ірі портрет шебері, Императорлық көркемөнер академиясының академигі. Оның шығармаларын назарларыңызға ұсынамыз.



«Бір ел – бір кітап» 2026

Жм, 27/03/2026 - 14:16 — Ольга А

Биылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы үшін белгілі қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» тарихи романы таңдалды.
Кітап 1989 жылы жазылған, бірақ ол тарихи роман болғандықтан, тақырыбы ескірмейді, керісінше, әрқашан қызығушылық тудырады.

Өйткені, халықтың тағдыры, басынан өткерген ауыр оқиғалар ерекше күйзеліспен көрсетілген.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Қытай Халық Республикасында Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан.

 Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы, Қытай шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты.

Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері:

1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.

1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.

1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.

1954-жыл. Үрімшіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.

1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.

1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде оқыды.

1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.

1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.

1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.

1965-жыл. Өзімен тағдырлас Самал Әукенқызына үйленді.

1965-1967 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді.

1967-1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.

1976-1981 жылдар. Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.

1981-жыл. Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.

1983-жыл. «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.

1989-жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.

1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.

1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.

«Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

2021 жылы Қабдеш Жұмаділов өмірден озды.



Библиопрошивка

Бс, 26/03/2026 - 15:36 — Ольга А

Экскурсия – жаңа ортамен танысып, дүниетанымды кеңейтетін, мәдени көкжиекті байытатын мүмкіндік. Осындай мазмұнды кездесуді кітапхана қызметкерлері КИПК студенттеріне ұйымдастырды. Жастар кітапхананың әр бөлімін аралап, жаңа әдебиеттермен танысты, пайдалану ережелері мен жұмыс тәртібі туралы мағлұмат алды. Олар көркем әдебиеттің жанрлық алуан түрлілігімен, ғылыми-көпшілік басылымдардың оқу үдерісіндегі маңызымен танысып, кітапхананың тек оқу орны ғана емес, сонымен қатар түрлі танымдық шаралар мен зияткерлік ойындар өтетін рухани орталық екенін білді.



Құқықтық лекторий: тұрғын үй мәселелері және пәтер жалдау

Бс, 26/03/2026 - 15:17 — Ольга А

Пәтер жалдап тұрасыз ба? Онда өз құқықтарыңызды тексеріңіз! «Құқықтық лекторийдің» жаңа шығарылымында тұрғын үйді жалдаудың қыр-сырын талқылаймыз.

Нақты жағдайларды қарастырып, әрекет етудің нақты алгоритмдерін ұсынамыз: пәтер жалдағанда неге назар аудару керек;

  • егер үй иесі пәтерді шұғыл босатуды талап етсе, не істеу керек;
  • «ауызша келісіммен» жалға алудың қандай қауіптері бар;
  • жалға алынған пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізуге бола ма.

Пәтер жалдап тұратын немесе жалға алуды жоспарлап жүргендер үшін пайдалы ақпарат.

Білім – сіздің ең сенімді қорғанысыңыз!
#ҚұқықтықЛекторий #АлтынсаринКітапханасы #ЧелГУ #ҚұқықтықКлиника #ҚұқықтықСауаттылық #Мұрагерлік #заң_мен_тәртіп #закон_и_порядок 



«Квизотека» интеллект-аренасы Квизотека: Көктемгі классика

Ср, 25/03/2026 - 17:33 — Ольга А

Бұл жолы «Квизотека» ойынын көктем тақырыбына арнадық. Көктемнің шуақты көңіл күйін сездірген қызықты білім сайысы өтті.

Қатысушылар белсенділік танытып, өзара ой бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап іздеді. Кейбір жауаптар күтпеген әрі ерекше болды. Ойын барысында жылы әрі еркін атмосфера қалыптасты.

Барша қатысушыға алғыс айтамыз!

Ойынның нәтижелері:

1 орын – Биполярность

2 орын - Кокаголики

3 орын - Культ Мифического Рассвета

Ең үздік орын- Chic chiken

Келесі ойында кездескенше!



Наурыз мейрамы құтты болсын!

Сн, 21/03/2026 - 10:09 — Ольга А



Ұлттық ойын – ұлттың байлығы

Жм, 20/03/2026 - 11:27 — Ольга А
Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін көктемнің шуақты мерекесі. Ал «Наурызнама» онкүндігінің әр күні халқымыздың бай салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танытатын ерекше мәнге ие.
Бүгін кітапхана оқырмандарына «Ұлттық ойын – ұлттың байлығы» атты ұлттық ойындар сағаты өтті. Іс-шара барысында түрлі қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар «Айтыс» байқауында шығармашылықтарын көрсетіп, ән айтып, өлең оқыды. Ал «Қаражорға» биі сергіту сәтіне айналып, баршаға қазақ мәдениетінің ырғағы мен рухын сезінуге мүмкіндік берді. Іс-шара «Қазан», «Көтермек», «Сақина», «Балтам тап» сияқты ұлттық ойындарға толы болды. Әр ойында балалар ептілік, тапқырлық және ұйымшылдық танытты. Мереке соңында достық пен берекенің белгісі ретінде қатысушылар дәмнен ауыз тиіп, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Бұл шара достық пен бірліктің символына айналып, халқымыздың бай мәдени мұрасын тағы бір мәрте еске салды.


ЭтноGame Day

Жм, 20/03/2026 - 11:10 — Ольга А

20 наурыз – Ұлттық спорт күні.

Осы мерекеге орай кітапханада Қостанай колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары арасында турнир өтті. Қатысушылар Наурыз тарихы бойынша білімдерін көрсетіп, түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің ой ұшқырлығы мен рух күшін дәлелдеді.

Іс-шара барысында арқан тарту, «Бес асық» сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, спорт тарихына байланысты викторина өткізілді.

Сонымен қатар «Менің спорттық Қазақстаным» атты фото-челлендж ұйымдастырылып, қатысушылар еліміздің сүйікті спортшыларымен фотосуретке түсу мүмкіндігіне ие болды.



«Restart: Наурыз Edition» – Жаңару күні

Бс, 19/03/2026 - 15:37 — Ольга А

Наурызнама онкүндігі жалғасуда. 19 наурыз – жаңару, өзгеріс пен даму күні, адам өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы.

Осы күнге орай балалар үшін «Водополия» атты қызықты ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында олар табиғи ресурстарды үнемді пайдалануды үйренді. Қатысушылар өздерін әртүрлі елдердің президенті ретінде сезініп, елдерінде құрғақшылық пен су тасқыны болмауын қадағалады.

Сондай-ақ, балалар «Бес асық» ойынында ептіліктерін көрсетті. Іс-шара соңында барлығы бір-біріне жақсы тілектер айтып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 610 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана