Новости


Жайлау күні - День природы

Бс, 19/03/2026 - 14:13 — Ольга А
№1 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушылары үшін «Жайлау күні – День природы» атты экологиялық сағат өткізілді. Оқушылар Наурыз мейрамының атмосферасына еніп, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, табиғатқа ұқыпты қарау керек екенін еске алды. Іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғаудың маңызы талқыланып, оқушылар түрлі сайыстарға қатысып, жұмбақтар шешті, экологиялық мәселелерді талқылады. Сонымен қатар сергіту сәтін жасап, тақырыптық мультфильм тамашалады.
Іс-шара соңында оқушылар табиғатты әрдайым қадірлеп, қорғау керек деген қорытындыға келді.
#НаурызымМерекемНаурызымБерекем


Ұлттық киім – ұлттың сәні

Ср, 18/03/2026 - 17:32 — Ольга А
Ұлттық киім – тек сыртқы келбеттің бір бөлігі ғана емес, ол тұтас халықтың тарихы, мәдениеті мен дүниетанымының айқын көрінісі. Бүгін біз Наурыз мейрамы аясында атап өтілетін ерекше әрі мағыналы мереке – Ұлттық киім күнін тойлаудамыз. Осы мерекеге орай кітапханада «Ұлттық киім – ұлттың сәні» атты арнайы фотозона ұйымдастырылып, әртүрлі жастағы оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Фотозона ұлттық нақышта безендіріліп, дәстүрлі элементтер мен тақырыптық аксессуарлар қолданылды. Оқырмандар ерекше ықыласпен фотосуретке түсіп, мерекелік әрі жылы көңіл күй сыйлады.
#НаурызымМерекемНаурызымБерекем


«Style Nomad» – кітапханадағы сән күні

Ср, 18/03/2026 - 15:29 — Ольга А

18 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында атап өтілетін Ұлттық киім күні.

Бұл күн қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртуға арналған.

Соңғы уақытта ұлттық киімге деген қызығушылық артып, оның маңызы әлемдік деңгейде де жоғарылап келеді. Іс-шара барысында оқушылар этнокиімнің тарихы мен даму кезеңдері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, сәукеле, кимешек, ішік сияқты ұлттық киім түрлерінің ерекшеліктері мен олардың қай кезде киілетіні түсіндірілді.

Кейбір қатысушылар ұлттық стильде фотосуретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара дәстүрлі шашумен аяқталды.



«Наурыз — көктем мейрамы»

Ср, 18/03/2026 - 13:48 — Ольга А

Наурыз — көктем мейрамы» шығармашылық шеберханасы аясында №1 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушыларына ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке арналған сабақ өткізілді. Оқушылар қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерімен және халықтық ою-өрнектердің мәнімен танысып, түрлі-түсті кітап иллюстрациялары арқылы білімдерін толықтырды.
Кездесу соңында мектеп оқушылары алған білімдерін тәжірибеде қолдана алды. Қыздар көлемді модельдеу техникасын пайдаланып, қарапайым майлықтардан әсем көйлекті биші қыздардың бейнесін жасаса, ұлдар дәстүрлі өрнектермен безендірілген тақиялар құрастырды. Осындай шығармашылық жұмыс балалардың қиялын дамытып, ұлттық киім туралы білімдерін өз қолдарымен жасаған ерекше бұйымдар арқылы бекітуге мүмкіндік берді.


«Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білемін бе?»

Сс, 17/03/2026 - 16:25 — Ольга А

Наурыз мейрамы аясында Қостанай қаласындағы Академиялық лицейдің 2–4 сынып оқушыларына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білемін бе?» атты зияткерлік викторина өтті. Іс-шараға қатысушылар тұсау кесу, қыз қуу, қыз ұзату сияқты салт-дәстүрлер туралы жақсы білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық мерекелер, тағамдар мен әдет-ғұрыптар жөніндегі сұрақтарға сенімді жауап берді. Викторина қорытындысы бойынша командалар белсенділігі, тапқырлығы және білімге деген құштарлығы үшін марапатталды.

#НаурызымМерекемНаурызымБерекем 


«Бір шаңырақ астындағы үй»

Сс, 17/03/2026 - 16:13 — Ольга А

17 наурыз – отбасы құндылықтарының маңызын айқындайтын, ата-баба дәстүрлерінің сабақтастығын дәріптейтін күн. Бұл күні отбасыдағы бірлік пен жылылықтың мәні ерекше атап өтіледі. Сондықтан да бұл күн «Шаңырақ күні» деп аталады. Киіз үй – ежелгі көшпелі халықтардың дәстүрлі баспанасы. Іс-шара барысында оқушылар киіз үй атауының шығу тарихымен, оның құрылымдық бөліктерімен, атқаратын қызметімен және қай халықтардың тұрмысында қолданылғанымен танысты.

Іс-шараға №8 мектептің 8-сынып оқушылары мен индустриалды-педагогикалық колледж студенттері қатысты. Кітапхана еріктісі, татар диаспорасының өкілі Латыпова Гульнар Талғатқызы ұлттық ойындар өткізіп, қатысушыларға ақ тілегін арнады. Ол өз сөзінде бұл мерекенің маңыздылығына, ұрпақтар сабақтастығының мәніне ерекше тоқталды. Іс-шара соңында достық шеңбері құрылып, әр қатысушы өз жүрек түкпіріндегі тілегін білдірді.



«Ақындар елдің- ардағы»

Сс, 17/03/2026 - 15:26 — Ольга А

Қостанай өңірі- қазақ халқының көптеген данышпан ұлдарының шыққан жері. Мұнда мықты батырлар мен ақылды билер өмір сүрген. Бүгін біз Қостанай облысы Аманкелді, Торғай өңірлерінен шыққан сөз шебері, дарынды ақын- жазушыларымыздың өмірбаянына тоқталатын боламыз. «Ел мен жердің тағдырына, оның өркендеуі мен өсуіне, тарихи дамуына оң ықпал жасаған қазақ зиялыларының Торғай мен Қостанай өңіріне тиесілі еншісінің өлшеусіз мол екеніне ешкім шек келтірмесе керек.



Құрақ көрпе Көрпе

Сс, 17/03/2026 - 15:08 — Ольга А

Құрақ көрпе Көрпе — әрбір қазақ отбасының тұрмысында ерекше орын алатын үй бұйымы. Әдетте ол құрақтан (құрақ көрпе) тігіліп, ішіне мақта, жүн немесе мамық салынады және ұлттық өрнектермен әсемделеді. Бүгін «Наурыз-көктем мейрамы» шығармашылық шеберханасын өткізу аясында №8 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары үшін көрпеге арналған «Сегіз жапырақ» өрнегін жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Оқушылар ертеден тұрмыстық бұйымдарды безендіруде қолданылып келген түрлі ою-өрнектердің мағынасы мен ерекшеліктері туралы білді. Нәтижесінде осындай әдемі жұмыстар дайындалды.



Ыбырай мұрасы

Сс, 17/03/2026 - 10:54 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында көрнекті ыбырайтанушы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серікбай Оспановпен кездесу өтті. Кездесу қазақтың көрнекті педагогы әрі ағартушысы Ы. Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналды.

Әңгіме барысында Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ білімінің дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ оның идеяларының қазіргі қоғамдағы өзектілігі талқыланды.

Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, өскелең ұрпақты жақсылық пен жамандық, сараңдық пен жомарттық, адамды адам ететін қасиеттер туралы ойлануға жетеледі.



«ЭтноMix кітапханада» этно-вояжы

Дс, 16/03/2026 - 17:37 — Ольга А

16 наурыз күні кітапханада мерекелік іс-шара өтті. Бұл жолы кітапхана қонақтары «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің» студенттері болды. Іс-шара мәдениет пен ұлттық дәстүрлерге арналды.
Жастар ұлттық дәстүрлі өнердің бірі – «Ши-тоқу» өнерімен танысты. Бұл – жүн мен жабайы қамыстың сабағынан тоқылатын көне қолөнер түрі, оны біздің әжелеріміз жақсы меңгерген. Қолөнер туралы шебер Барсакбаева Ибагуль Накаувна әңгімелеп, оның қыр-сырын түсіндіріп берді.
Шеберлік сабағынан кейін студенттер арқан тартыс ойынында күш сынасты. Іс-шара соңында қонағымыз студенттерге бата берді.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 175%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 130 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана