Новости


Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары

Дс, 16/03/2026 - 12:15 — Ольга А

Наурыз мейрамы — жаңа жылдың басталуын және табиғаттың жаңаруын білдіретін көне мереке. Мичурин жалпы білім беретін мектебінің 1 «А» және 1 «Б» сынып оқушыларына арналған «Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары» атты танымдық шара өткізілді. Балалар көктем мерекесінің тарихы мен ерекшеліктері туралы қызығушылықпен тыңдады. Олар түрлі байқауларға белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық және қарым-қатынас жасау қабілеттерін көрсетті. Мерекенің әсем қорытындысы ретінде «шашу» шашылып, балаларға тәттілер таратылды. Бұл мереке балаларға да, ересектерге де қуаныш пен жағымды әсер сыйлады.



Эко-факт

Дс, 16/03/2026 - 10:57 — Ольга А

Экология — біздің өміріміздің негізі. Пластик жүздеген жылдар бойы ыдырамай, топырақ пен суды ластайды, ал химиялық тыңайтқыштар жерге жиналып, қоректік тізбекке түседі. Адамның қарқынды ауыл шаруашылығы қызметі топырақты тоздырып, табиғи экожүйелерді бұзады.

Бүгінгі күні экологияны қорғау — жай ғана «жақсы іс» емес, бұл болашақ ұрпақ үшін планетаны өмір сүруге қолайлы күйде сақтап, жаһандық жүйелік дағдарыстың алдын алудың жалғыз жолы.



«Ғасыр куәгері»: Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл

Дс, 16/03/2026 - 10:16 — Ольга А

Қымбатты достар!

Алдарыңызда – әлемге танымал көрнекті қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың мерейтойына арналған интерактивті плакат. Плакатта ақынның өмірбаяны, ол туралы түсірілген кинофильмдер, әртүрлі қалаларда орнатылған ескерткіштер және фотодеректер ұсынылған. Ұлы тұлға туралы біліміңізді тексеріп, жаңа мағлұматтармен таңғалуға сізге квиз көмектеседі. Ендеше, жаңалықтар мен тың деректерге толы саяхатқа бірге аттанайық!



Қара-ала кино

Дс, 16/03/2026 - 09:24 — Ольга А

Биылғы наурыз айында актриса және қазақтың тұңғыш әйел кинорежиссері, көрнекті кеңестік кинематограф Дариға Тналинаның (1921-2011) туғанына 105 жыл толады.



«Мәңгілік есімдер»: Фаворский Владимир Андреевич

Сн, 14/03/2026 - 10:53 — Ольга А

Кітап графикасының тарихында Владимир Андреевич Фаворскийдің (1886–1964) орны ерекше. Ол кітап иллюстрациясын нағыз өнерге айналдырған суретші. Біздің жаңа бейнемізде оның әсерлі әрі қызықты жұмыстарынан бірнешеуін ұсындық. Тамашалаңыз!



«Наурыз Welcome Day» — жылы кездесулер мен ізгі тілектер күні

Жм, 13/03/2026 - 16:10 — Ольга А

14 наурыз күні кітапханада жарқын әрі жүрекке жылы мереке — Наурызға арналған іс-шаралар легін ашқан Көрісу күні, Амандасу күні өтті.

Бұл күні кітапхана қуанышқа, күлкіге және шынайы кездесулерге толы ерекше атмосфераға бөленді. Іс-шара қонақтары ретінде тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, педагогтер және № 9 Ғафу Қайырбеков атындағы мектептің оқушылары қатысты. Кітапханашылар келушілерді дәстүрлі «Көрісейік! Жыл құтты болсын!» сияқты жылы сөздерімен қарсы алып, әрқайсысына мейірім, көктем және жаңару туралы әдемі дәйексөздер жазылған ашық хаттар сыйлады.

Кітапханада мерекелік әуендер мен Наурыз туралы әндер шырқалып, айналаға көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сезімін сыйлады.

✨ Бұл мереке әр шаңыраққа жаңа үміт, ізгі кездесулер мен береке әкелсін!



Сандардан сурет салу

Бс, 12/03/2026 - 17:44 — Ольга А

Бүгін «Жас суретші» үйірмесінің сабағында біз сандарды көңілді жануарларға айналдыру техникасын меңгердік! Қарапайым «2» саны сүйкімді қоянның немесе әдемі құстың бейнесіне негіз бола алады екен. Мұндай әдіс балалардың қиялын, бейнелі ойлауын жақсы дамытып, ең қарапайым нәрселердің өзінен қызықты бейнелерді көре білуге үйретеді.



«Алтынсарин – барлық дәуірдің ұстазы» (әдеби мозаика)

Бс, 12/03/2026 - 14:45 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушысы, педагог және жазушы. Оның шығармалары жастарды білімге, еңбекке және адамгершілікке тәрбиелейді.

Осыған орай 7-сынып оқушылары арасында «Алтынсарин – барлық дәуірдің ұстазы» атты әдеби мозаика өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: «Кім жылдам?», «Өлеңді жалғастыр», «Мақалды жалғастыр», «Сөзден сөйлем құра», «Сөзді тап», «Артық сөзді тап». Тапсырмалар барысында оқушылар білімдерін көрсетіп, өлеңдерді мәнерлеп оқып, мақалдарды жалғастырып, сөздерден сөйлем құрастырды.

Іс-шара өте қызықты әрі танымдық өтті. Оқушылар белсенді қатысып, ұлы ағартушының еңбектерінің маңызын тереңірек түсінді.



«Не оқуға болады?»

Бс, 12/03/2026 - 11:44 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК «Алау» ТРК-мен бірлесіп «Не оқуға болады?» атты жобаны дайындады.



«Квизотека» интеллект-аренасы

Сн, 07/03/2026 - 17:10 — Ольга А

Квизотека: Girl Power

Бұл жолғы кездесуде біз әлемге ықпал етіп жүрген жандар жайлы сөз қозғадық. «Girl Power» тақырыбы ойы сергек, талқылаудан тайынбайтын, жаңа мәліметтерге ашық командаларды біріктірді. Ойын тартысты өтіп, эмоцияға толы болды.

Қатысушыларға қызығушылығы, тапқырлығы және ортақ атмосфераны қалыптастырғаны үшін алғыс білдіреміз!

Ойынның нәтижелері:

1 орын –Биполярность

2 орын -Chickens

3 орын - Дельта-6

Келесі ойында кездескенше!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 175%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 130 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана