Новости


10-шы өңір оқуды таңдайды!

Ср, 04/03/2026 - 10:03 — Ольга А

4 наурыз күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық дауыстап оқу күніне орай ұйымдастырылған, ұлы ағартушының туғанына 185 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты облыстық бірыңғай оқу күні өтті.



«Водополия» эко-ойыны

Сс, 03/03/2026 - 17:15 — Ольга А

«Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің» студенттері үшін экологияға арналған «Водополия» ойыны өткізілді. Ойын барысында студенттер су ресурстарын үнемдеуді үйреніп, кейбір аймақтарда «құрғап кету» немесе «артық су жиналу» болмауы үшін бір-бірімен су қорын бөлісуді тәжірибе жүзінде көрсетті.

Әр студент өз еліне атау таңдап, сол елдің табиғи байлықтарын басқарды. Халқының өмірі қабылданған шешімдерге тікелей байланысты болды. Қатысушылар қиялдан туған елдерді де, нақты өмірде бар мемлекеттерді де таңдады.

Іс-шараға спикер ретінде Быковец Елена Сергеевна, Айдын Бейбіт Серікбаевич қатысты, оператор — Войткевич Екатерина Сергеевна.



«Әйел есімі қандай ғажайып сырларға толы…»

Сс, 03/03/2026 - 16:46 — Ольга А

Көктемнің ең нәзік әрі шуақты мерекесі — 8 Наурыз қарсаңында Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері үшін «Әйел есімі қандай ғажайып сырларға толы…» атты әйел есімдері мен олардың мағынасына арналған кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында балалар әйел есімдерінің мағынасы мен шығу тегін біліп, олардың адам тағдыры мен мінезіне ықпалы туралы қызықты мәліметтермен танысты. Қатысушылар викториналар мен жұмбақтарға белсене қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады.

Бұл күн әйел есімдеріне деген құрметке, олардың бойындағы сұлулықты, тарих пен ерекше күшті тануға арналған шынайы мерекеге айналды.



Экскурсия

Сс, 03/03/2026 - 14:19 — Ольга А

Қостанай медициналық колледжінің 1-курс студенттеріне кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Кездесу барысында қатысушылар кітап қоры, бөлімдердің құрылымы және кітапхананың оқу үдерісіндегі мүмкіндіктерімен танысты. Электронды каталогты пайдалану жолдарына, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға және кітапхана жұмысын таныстыратын медиаплатформаларға ерекше назар аударылды.



Бейбітшілік пен келісім – біздің алғысымыз

Сс, 03/03/2026 - 12:59 — Ольга А

Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 4-сынып оқушыларына Алғыс айту күніне арналған «Бейбітшілік пен келісім – біздің алғысымыз» атты танымдық бағдарлама өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар мерекенің тарихын еске алып, бейбітшілік, келісім және өзара құрмет ұғымдарының маңызын талқылады. Балалар «Сиқырлы сөз», «Ертегілер бекеті», «Әдепті жұмбақтар», «Жақсы іс жасайық» ойындарына белсенді қатысты. Сонымен қатар «Ералаш» киножурналы мен «Мира мен Гоша» мультфильмі көрсетілді.
Бағдарлама оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, бір-біріне құрметпен қарауға және алғыс айта білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.



«Менің жетістігім – менің нәтижем» кездесу-практикумы

Дс, 02/03/2026 - 15:57 — Ольга А

Кәсіби бағдар беру іс-шаралары циклі аясында «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМКҚ білім алушыларымен кезекті кездесу өтті. Берёза Полина, Жаксылыков Нурдаулет, Куюдина Яна, Лукьянчикова Арина, Ляшенко Виолетта, Махотина Ксения, Мирманова Даяна, Нугуманова Анель, Щастливая Елизавета өндірістік оқыту шебері Утюганова Евгения Сергеевнаның жетекшілігімен макияж жасау және шаштараз өнері бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Дағдыларды көрсету барысында оқытуға арналған бейнесабақтар ұсынылды.

№19 мектептің 8-сынып оқушылары іс-шарадан көтеріңкі көңіл күймен шықты, ал ниет білдірген оқушыларға шаш үлгілері мен макияж жасалды.



15 наурыз - РЕФЕРЕНДУМ

Дс, 02/03/2026 - 15:45 — Ольга А
Конституция – бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін аса маңызды шешім қарсаңында елімізде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқылануда. Осыған орай кітапханада «Конституция – бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ жаңа Конституция жобасына қатысты халық пікірлері жарияланған газет материалдары ұсынылған.
Референдумға шығарылған Қазақстанның жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңартуға бағытталған.
Референдум аталған өзгерістерді тікелей халықтық дауыс беру арқылы қабылдау мақсатында өткізіледі, бұл халық - биліктің бірден-бір қайнар көзі екенін айқындайтын демократиялық үдерісті көрсетеді.


«Pro-право» диалог-кездесу

Жм, 27/02/2026 - 12:58 — Ольга А

Кітапханада 9-сынып оқушыларымен «Pro–право» атты диалог-кездесу өтті. Іс-шара қонағы Қостанай қалалық прокуратурасының аға прокуроры Кастай Адижан Амиржанович болды. Ол оқушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы әңгімелеп берді. Спикер кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігіне, сондай-ақ мектепте және одан тыс жерде заңдар мен мінез-құлық нормаларын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін дамытуға және жастар арасында заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.



«Барлығы үшін алғыс айтамын» — Алғыс айту күні

Жм, 27/02/2026 - 12:54 — Ольга А

Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапхананың ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Алғыс айту күніне арналған «Барлығы үшін алғыс айтамын» атты интерактивті алғыс қабырғасы ұйымдастырылды.

№14 негізгі орта мектептің 9-сынып оқушылары кітапханаға экскурсиямен келіп, аталған акцияға үлкен қызығушылықпен қатысты. Оқушылар қабырғаға ата-аналарына, достарына, ұстаздарына және сыныптастарына арналған жылы әрі шынайы алғыс сөздерін қалдырды.

Жазылған әрбір сөз — мейірімділік, құрмет пен ризашылықтың көрінісі. Мұндай кездесулер алғыс айтудың, қолдаудың және бірліктің маңызын еске салады.

Барлық қатысушыға шынайылығы мен жарқын эмоциялары үшін алғыс білдіреміз!



ART – Көктем

Бс, 26/02/2026 - 15:20 — Ольга А
Көктемгі мерекелер қарсаңында №19 орта мектептің 8-сынып оқушыларына арналған зімбірлі пряникке өрнек салу бойынша шеберлік сабағы өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар сәндік өрнек салудың негізгі тәсілдерімен танысып, глазурьмен жұмыс істеу техникасын меңгерді және өз шығармашылық қабілеттерін тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік алды.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 175%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 130 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана