
Новости
Кітаппен саяхат
Сс, 10/03/2015 - 09:23 — juliaКітаптар тағы көпшілікке жол тартты! «Кітаппен серуен» жобасы Денисов ауданының балалар кітапханасына сапар шекті. Балалар кітапханасының оқырмандары түрлі жанрдағы және бағыттағы жасөспірімдер әдебиетімен танысу мүмкіндігіне ие болды: фэнтези, фантастика, мектеп романдары, шытырман және романтикалық оқиғалар. Шапшаң хайвей түріндегі кітап көрмесіне Б.Кауфманның «Вверх по лестнице, идущей вниз», К.Булычевтің «Старый год», Н.Дубовтың «Беглец», А.Жвалевский мен Е.Пастернактің «Шекспиру и не снилось», Ф. Молнардың «Мальчишки с улицы Пала» сияқты шығармалар қойылды.

Әр пит-стопта балалар кітаптармен танысып, жаңа авторлар туралы біліп қана қоймай, жүргізушінің сұрақтарына жауап беріп отырды. Біздің Жоба өз жалғасын табады, алдымызда жаңа кездесулер мен жаңа кітаптар!
«Кітаппен саяхат»
Сс, 03/02/2015 - 16:20 — adminҚостанай-Ұзынкөл бағыты бойынша «Кітаппен саяхат» акциясы жалғасуда.Ұзынкөл ОКЖ кітапханашыларының сұраныстары бойынша әртүрлі тақырыпта екі тілде кітаптар, журналдар ұсынылды. Кітап акция шеңберінде 4-сынып оқушыларына арнайы дайындалған кітап көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара өткізілді.

Оқушылар үлкен қызығушылықпен іс-шараға белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті. Кітап көрмесінде 28 адам болды. Олардың назарларына 37 кітап, 88 журнал қойылды, соның ішіндегі жарты журналдар кітапханаға сыйға тартылды.


«Девичий мирок»
Дс, 02/02/2015 - 14:55 — adminКітапханада «Девичий мирок» атты қыздарға арналған әдеби отырыс ашылды. Отырыстың ең алғашқы кездесу ұйымдастыру, танысу түрінде болды. Олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдалып,ортақ жоспарлар талданды. Танысу барысында оқырмандар сүйікті кітаптары туралы ғана айтып қоймай, өз сезімдерімен бөлісті. Кездесу соңында қуанышты жүздерін көргеннен кейін,осындай отырыстар керек екендігіне көзімізді жеткіздік.

Екінші кездесуіміз В. Голявкинннің «Совесть» шығармасы бойынша адамгершілік тақырыбына арналып, ролді ойын ретінде өтті.

Кездесу барысында алдымен «адамгершілік», «ар-ұят», «намыс» сөздерінінің мағынасын талқылап, автордың өмірбаянынымен танысып, кезекпен «Совесть» әңгімесін оқыды. Қатысушы қыздар «әдеби сыншылар» және «журналистер» болып екі топқа бөлініп, «әдеби сыншылар» (жақтаушы), ал «журналистер» болса керісінше (теріс) жақты қабылдап, өз кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасты қолдап, қазіргі таңда бұндай жағдайды кездестіруге болады ма екендігі талқыланды. Кездесуді соңында қатысушылар өз ойларын, әсерлерін суреттеп қағаз бетіне түсірді.

Кітап жабылғанымен, оқиға жалғасады
Дс, 12/01/2015 - 08:20 — julia
6 қаңтар біздің кітапханада балалар үшін алдын-ала хабарланған «Ежик» журналының он бес жылдығына орай Фанфикшен байқауының «Кітап жабылғанымен, оқиға жалғасады» атты марапаттау рәсімі өтті. Фанфик дегенді түсіндерер болсақ, Фанфик не фанфикшен деген термин қандайда шығарманың негізінде оның кейіпкерлерімен оқиғаны жалғастыру, не құрастыру, не сол кейіпкерлермен жаңа оқиға жазу. 5-11 сынып оқушыларының оны байқауға қатысу үшін кітапханаға әр түрлі әдеби шығармаларды оқығаннан кейін жазған өз фанфиктерін әкелді. Әділқазы мүшелері олардың жұмыстарын қарастырып, «Сюжетті әсерлі суреттегені үшін», «Сюжеттің өзектілігі үшін», «Сиқырлы, болжамды сюжет үшін» деген үш номинация бойынша үш жеңімпазды анықтады. Олар: 5 сынып оқушысы Грить Настя, 11 сынып оқушысы Лыксова Саша және 7 сынып оқушы Немеренова Әсел. Әділқазылар тартысы барысында барлығы бір дауыспен тағы бір қатысушыны атап өту керектігі анықталды және сол қатысушыға әдейлеп арнайы тағы бір номинация ойластырылды. Шара кезінде журналдың басты кейіпкері Ежик пен жүргізуші қатысушылар мен шақырылған қонақтарды дайындалған көріністерге қатысуға және қойылған сұрақтарға жауап берулеріңе шақырды, сонымен қатар қатысушылар өз қатарластарының өлеңдері мен әндерін тамашалады. Осы жерде «Ежик» журналының әр жылдағы басылымдар қойылған және шығармалар бойынша жазылған әртүрлі фанфикшендер бар ерекше көрме ұйымдастырылды. Шара соңында далада шарларға байланған кітапханаға шақыруы бар ашық хаттар таратылды.
Жұмбақты суреттер
Сс, 25/11/2014 - 11:19 — juliaКезекті демалыс күндерінен кейін кітапханада біздің жас суретшілерімізбен қайта қуана жолықтық.
20 қарашада өткен кездесуіміздің тақырыбы-«Жұмбақты суреттер»деп аталды.Суретті монотипті техникасы бойынша сиқырлы таяқшамен емес,сиқырлы жіппен салды.
Бұл сиқыр кездесуге келгендердің барлығын таң қалдырды.Балалардың жасаған қолөнерлері рухқа жылы сезім қондырды.Олар көрінбейтін құстар,алтын балықтар,сұлу бұғылар.Алдарыңызда осы ғажайып суреттер...
Алақай! Бізде жаңа кітаптар
Дс, 17/11/2014 - 13:44 — juliaКезекті ата-аналар клубының кездесуі «Алақай! Бізде жаңа кітаптар» - деген атаумен өтті. Ата-аналардың назарына ұлдар мен қыздар, үй жануарлар мен ертегі кейіпкерлері және әртүрлі қызықты, шым-шытырман оқиғалар жайында айтылған жаңа кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Клубқа қатысушылар қуана-қуана, шын ризашылықпен: «Вот это книга», «Пришкольные истории», «Смешные истории», «Тузик, Мурзик и другие» атты жаңа кітап топтамаларымен танысты.

Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Бс, 13/11/2014 - 11:32 — juliaИ. В. Корчагинаның басшылығымен құрылған ғылыми қоғам қатысушыларының сұрауы бойынша жаратылыстану пәніне арналған кітаптарға шолу өткізілді. Балалар көптеген суретті безендірілген қызықты, белгілі ғылыми басылымдармен танысты.
Семинар
Бс, 13/11/2014 - 09:21 — julia2014 жылдың 6 қарашасында облыстың балалар кітапханалары мамандарына арналған «Шектеусіз кітапхана: мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі» атты облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына 27 аудандық, қалалық балалар кітапханаларының мамандары қатысты. Семинарда мүмкіндігі шектеулі балалармен кітапханада жұмыс жасау мүмкіндіктері мен ерекшеліктері қарастырылды. «Қостанай Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Лимарева Л. В. түрлі дертке шалдыққан балалардың мінез-құлық ерекшеліктері туралы айтып берді. Тактильді кітаптар мен оның түрлері жайлы «Ашық әлем» жастар еріктілер үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Кайгородцева Л.А. сөз қозғады. Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Қостанай аймақтық орталығының педагогы Л. В.Распопованың жұмыс тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды. Қолдан жасалған қуыршақтар көмегімен педагог балаларды оқытады, оларға әлеуметтік дағдыларды меңгертеді. Әртүрлі ойыншықтар: сөйлейтін қуыршақтар, саусақтық, буындық қуыршақтар балаларға осы әлемді танып білуге көмектеседі. Он-лайн тәртібінде семинарға қатысушылар алдында Өскемен қаласының А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы мен А.С.Пушкин атындағы Саратов облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары сөз сөйледі. Өскемен кітапханасының директоры Ақжігітова К. М. мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруге бағытталған жаңашыл жобалар туралы айтса, Саратовтықтар «ерекше» балалармен жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қорытындысында, кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы көркем және арнайы әдебиеттерге шолу жасады.










