Новости


Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығарма V Республикалық байқауының қорытындысы

Сс, 04/11/2025 - 15:17 — Ольга А

2025 жылдың 4 қараша күні Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма V Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау Ыбырай Алтынсариннің туған күнін атап өту аясында өтті.

 Сыйлық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма», «Орыс тіліндегі үздік әдеби шығарма» номинациялары бойынша үздік шығарма үшін беріледі. Балалар қазылар алқасының шешімі бойынша бір арнайы жүлде тағайындалды.

 2025 жылғы байқаудың қорытындысы:

 «Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма» - «Қанатты шабандоз» повесі, Нұржанұлы Нұрбек (Алматы қ.).

 «Орыс тіліндегі ең үздік әдеби шығарма» - «Удивительный мир Красной книги» (истории о редких растениях и насекомых Казахстана) Елена Клепикова, Ксения Земскова (Алматы қ.).

 Балалар қазылар алқасының арнайы жүлдесі - «Қанатты шабандоз» повесі, Нұржанұлы Нұрбек (Алматы қ.).



«Ыбырай жаққан шамшырақ» атты кездесу

Сс, 04/11/2025 - 09:44 — Ольга А

3 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің туған күніне орай еске алу іс-шарасы өтті. Құрмет қонақ ретінде ақын, профессор, ыбырайтанушы Серікбай Оспанов шақырылды. Іс-шара барысында оқушылар гүл шоқтарын қойып, өлеңдер оқыды. Ақын оқушыларымен сырлы сұхбат өтікізіп, Ыбырай мұрасының маңыздылығын атап өтті.



«Ыбырай жаққан шамшырақ»

Дс, 03/11/2025 - 17:27 — Ольга А

3 қараша күні ұлы педагог және ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған күніне орай, кітапханада оның есімін иеленген мектеппен бірлесе отырып «Ыбырай жаққан шамшырақ» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шара басталар алдында қатысушылар Ы.Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Одан кейін белгілі ыбырайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспановпен кездесу ұйымдастырылды.

Оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін оқып, олардың мазмұнын талқылады. Кездесу барысында балалар ұлы жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты әрі бұрын естімеген деректермен танысты.

Әңгіме жылы әрі рухани атмосферада өтіп, қатысушылардың барлығына ұмытылмас әсер қалдырды.



Ақындық пен ұсталық қос қанатым

Жк, 02/11/2025 - 18:50 — Ольга А

Серікбай Оспанов қазақ поэзиясында өзіңдік қолтаңбасы бар ақын Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, 40-тан астам кітаптың авторы, оның 30-ы поэзия. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен соңынан қалған мұрасын жылдар бойы зерттеп келе жатқан ғалым, сонымен қатар ағаштан түйін түйіп жүрген шебер.



"Квизотека" интеллект-аренасы

Сн, 01/11/2025 - 17:14 — Ольга А

Квизотека: Классика

Бүгін біз әлемдік мәңгілік хиттерді – әйгілі әуендерден бастап күн сайын кездесетін культтік кейіпкерлер мен брендтерге дейін қаншалықты жақсы білетінімізді тексердік. Әр сұрақ – уақытқа саяхат, әр дұрыс жауап – жаңа эмоция.

Барлық командалар жеңіске деген жігермен, тәуекел мен логиканы ұштастыра отырып, сәттілікті серік етіп соңына дейін күресті. Барлық қатысушыларға жарқын әсерлер мен тамаша атмосфера үшін алғыс айтамыз!

Классика мәңгі, біз де мәңгілікпіз.

Ойынның нәтижелері:

1 орын – Биполярность

2 орын - Культ Мифического Рассвета

3 орын - Чайхана

Ең үздік орын- Спартанцы

Келесі ойында кездескенше!



Қазақ даласының алғашқы ұстазы

Сн, 01/11/2025 - 09:59 — Ольга А

Ы. Алтынсариннің туған күні қарсаңында № 15 балабақшасының ересектер тобының тәрбиеленушілерімен дауыстап оқу және талқылау шарасы өткізілді. Балалар «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш», «Жануарлардың дауы», «Жаман жолдас» сияқты шығармалармен танысып, олардың мазмұнын талқылады. Әңгіме барысында бүлдіршіндер Ы. Алтынсариннің ертегілері әділдік пен адалдыққа, үлкендерді құрметтеуге, әлсіздерге көмектесуге және ренжігендерді қорғауға үйрететінін түсінді.



«Көңілді подкаст». 5-бөлім. «Командордың өлтірілуі»

Бс, 30/10/2025 - 11:04 — Ольга А

Романның сюжеті бойынша, басты кейіпкер — коммерциялық суретші — кенеттен өмірін түбегейлі өзгертеді. Ол өзін жоғалтып бара жатқанын сезініп, тапсырыспен портрет салудан бас тартады. Таудың басындағы ескі үйге оңашаланып, ол өткенін қайта ой елегінен өткізіп, өз бойынан шынайы суретшіні табуға тырысады.

Романды жазу барысында Харуки Мураками қатаң күн тәртібін ұстанған: ол таң сәріден тұрып, таңертеңгі уақытын жаңа тарау жазуға арнаған, ал түстен кейін 10 шақырым жүгірген. Ақырында, Муракамидің айтуынша, жазу мен жүгіру бір-бірінен ажырамас ұғымдарға айналып, өзіндік медитация түріне айналады.



Әдеби көкжиектер: кітаптар жинағы

Ср, 29/10/2025 - 16:00 — Ольга А

Қостанай құрылыс колледжінің 1-курс студенттері үшін Жастар кітабы күні қайта өткізілді.
«Әдеби жанрлар» атты көрмеде студенттер әдебиет әлемінің алуан түрлілігімен: шынайы прозадан бастап қызықты фэнтези жанрына дейін танысты.
Көрмеге қойылған кітаптарды кітапханашылар оқырмандардың тәжірибесіне қарай — жаңадан оқи бастағандардан бастап, тәжірибелі оқырмандарға дейін іріктеп ұсынды. Көрмеден кейін студенттер «Квизотека» атты ойынға қатысып, әдебиет саласындағы білімдерін сынап, кітаптар әлемінен күтпеген қызықты деректерді білді.



Ыбырай Алтынсариннің туған күні

Сс, 28/10/2025 - 16:56 — Ольга А

2 қараша — қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туған күні. Осы атаулы күнге орай Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Бибігүл Латыпова облыстық телеарнадағы «Өмір ағымы» бағдарламасына қатысып, Ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар туралы әңгімеледі.

Пайдаланушылар осы датаға арналған алдағы іс-шаралар топтамасы туралы, сонымен қатар кітапханада өтіп жатқан «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты кітап көрмесі
жайлы ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты – ұлы жерлесімізді есте сақтау және өскелең ұрпақты білім мен оқуға деген сүйіспеншілікке баулу.



Еңбек адамдары (подкаст, 9 бөлім)

Сс, 28/10/2025 - 14:57 — Ольга А

Бүгін біз «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында қонақтамыз. Бұл — Қазақстандағы магистральдық теміржол желісінің ең ірі операторы. Елдің жүйе құраушы көлік компаниясы ретінде ҚТЖ тұтынушыларға қауіпсіз тасымалдау қызметтерін ұсынып, қоғамға пайда әкелуде.

Сіз теміржол саласында неше жылдан бері жұмыс істейсіз және бұл салаға қалай келдіңіз? Машинистің бір күндік жұмысы қалай өтеді? Сіздің жұмысыңыздағы ең қиын әрі ең қызықты тұстары қандай?

Міне, бұл – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының машинист-нұсқаушысы Вадим Садаевпен болған сұхбаттағы бірнеше тақырып қана.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 130%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 256 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана