Новости


Табиғаттағы мейірім айналымы

Сс, 14/10/2025 - 14:28 — Ольга А

Достар! Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және «Әділ көмек» Қоғамдық қоры сіздерді «Табиғаттағы мейірім айналымы» акциясының бір бөлігі болуға шақырады!              

Акция 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейін өтеді.

Барлығы өте оңай:

  • көрмеден кітаптарды таңдаңыз
  • оқыңыз
  • пікір-парақты толтырыңыз
  • оны кітапханада орнатылған арнайы жәшіктерге салыңыз.

 

Әрбір оқылған кітап – бұл ұпай, ал әрбір ұпай – жануарларға арналған азыққа жұмсалатын қаражат!                                                                                           Акция соңында барлық ұпай теңгеге айналдырылады, әрі біз қормен бірге жануарлар панасына қолдау мен қамқорлық сыйлаймыз.

Кітап оқыңыз және жануарларға көмектесіңіз!

Сіздің оқуыңыз – мейірімге айналады, ал мейірім – әлемге қайта оралады!

Бізбен бірге мейірім айналымын іске қосыңыз, «Табиғаттағы мейірім айналымы» акциясына қосылыңыз!

#ТабиғаттағыМейірімАйналымы #ОқимызЖәнеКөмектесеміз #ЖақсылықҮшінОқу



«Өз қолыңмен арт-стикер жасау»

Жм, 10/10/2025 - 10:53 — Ольга А

9 қазан күні Өнер әдебиеті бөлімінде №19 орта мектептің 8-сынып оқушылары үшін «Өз қолыңмен арт-стикер жасау» атты шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі» КМКҚ-ның бейнелеу өнері пәні мұғалімі Олексюк Нина Сергеевна өткізді. Стикерлер — бұл сәндік, ақпараттық немесе графикалық бейнелер түрінде жасалатын жапсырмалар. Мұндай стикерлерді өз қолыңмен де жасауға болатынын білдіңіз бе? Біздің қолымыздан не шыққанын қараңыздаршы.



Заң әлемін бірге зерделейміз!

Жм, 10/10/2025 - 10:35 — Ольга А

 «Құқықтық дәрісханасы» циклының алғашқы шығарылымы бүгінгі таңда аса өзекті тақырыптардың бірі Қазақстан Республикасындағы алимент өндіріп алу мәселесіне арналды. Қостанай қаласындағы «ЧелМУ» Қостанай филиалының құқық кафедрасының студенттері ең жиі қойылатын: алимент өндіру туралы талап арызбен қай сотқа жүгіну қажет; алимент қандай мөлшерде өндіріледі; сотқа жүгінгенде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет пе деген сұрақтарға жауап береді. Бейнебаян Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен ЧелМУ-нің Қостанай филиалының бірлескен жобасы аясында дайындалды. #Юридическийлекторий#БиблиотекаАлтынсарина#ЧелГУ#Юридическая клиника#ПравовоеПросвещение #Алименты #заң_мен_тәртіп #закон_и_порядок 



Экскурсия

Жм, 10/10/2025 - 10:33 — Ольга А

Кітапханаға алғаш рет келу – бірінші сынып оқушылары үшін ерекше маңызды оқиға. Бүгін бізге №30 орта мектептің 1-сынып оқушылары қонаққа келді. Балалар кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасап, кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты. Ақпаратты тыңдап болған соң, кішкентай оқырмандар қуана жұмбақтар шешіп, викторина сұрақтарына жауап беріп, түрлі сайыстар мен ойындарға қатысты. Іс-шара соңында балаларға кітаптар әлемінде жаңа ашылулар мен қызықты оқиғалар көп болсын деген тілек айтылды.



«Мәңгілік қаламгер»

Бс, 09/10/2025 - 17:23 — Ольга А

Бүгін, 9 қазан күні, біздің кітапханада талантты ақын, жазушы және қоғам қайраткері Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өтті. №14 орта мектептің 7-сынып оқушылары автор өмірбаянынан қызықты деректермен танысып, оның қазақ әдебиеті мен ел мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы білді. Іс-шара барысында қатысушылар ақын шығармаларынан үзінділер тыңдап, олардың мағынасы мен мәнін талқылады, сондай-ақ Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығындағы жаңа қырларды ашты — оның өлең жолдары Отан мен халыққа деген сүйіспеншіліктің символына айналған. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың Қазақстанның рухани мұрасына жақындап, поэзия сөзінің қуатын сезінуіне мүмкіндік береді.



Құқықтық дәрісханасы: заң әлемін бірге зерделейміз!

Дс, 06/10/2025 - 17:44 — Ольга А

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана «ЧелМУ» ФМББМ ЖБ Қостанай филиалының құқық кафедрасымен бірлесіп «Құқықтық дәрісханасы» атты жаңа онлайн-бағдарламаны іске қосады.

Ай сайын кітапхана беттерінде ЧелМУ Қостанай филиалының оқытушылары мен заңгер студенттерінен қысқа бейне кеңестер шығатын болады.

Сарапшылар ең өзекті құқықтық мәселелер туралы қарапайым сөздермен айтып береді: алимент, тамшылау, тұтынушылардың құқықтары, мұра, еңбек қатынастары және тағы басқалар.

Бірінші шығарылым қазан айында! Кітапхананың әлеуметтік желілеріндегі және сайттағы  жаңартуларды қадағалаңыз.

#ҚұқықтықЛекторий #АлтынсаринКітапханасы #ЧелГУ #ҚұқықтықКлиника #ҚұқықтықСауаттылық #Мұрагерлік #заң_мен_тәртіп #закон_и_порядок 



"Квизотека" интеллект-аренасы

Дс, 06/10/2025 - 10:30 — Ольга А

Квизотека: Күзгі классика

Күзіміз тек жарқын ғана емес, білімді болып өтті! Бұл эмоциялардың түрлі-түсті әлемі болды: командалық сайыстың қызығы мен шексіз қуаныш сезімі.

Жеңімпаздар лайықты сыйлықтарына ие болды, ең бастысы – бүкіл алтын күзге жететін күш-қуат пен шабыт алды.

Барлық қатысушыларға білімпаздықтары, командалық рухтары және тамаша көңіл-күйлері үшін алғыс айтамыз!

Ойынның нәтижелері:

1 орын – Культ Мифического Рассвета

2 орын – Лютые качупатки

3 орын - Биполярность

Ең үздік орын- Дельта-6

Жаңа Квизотека ойындарында кездескенше!



Профессор Бондаренкомен бірге

Дс, 06/10/2025 - 09:25 — Ольга А

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы сіздерді пікірталас өнері мен сыни ойлау әлеміне шақырады.

Әлеуметтік желілерде айтыс-тартыстар өршіп, пікірлер бұрынғыдан да қатты қақтығысатын дәуірде — тек сөйлеу емес, ойлану да маңызды.

Бірінші шығарылымда философия профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, кітаптар мен монографиялардың авторы, сондай-ақ Қазақстанның дойбы бойынша спорт шебері — Юрий Яковлевич Бондаренкомен біз:
Сын тұрғысынан ойлау деген не?
– Неліктен заманауи адамның маңызды қабілеті?
– Және пікірталас мәдениеті бізге тек таласуға емес, тыңдау білуге қалай көмектесетіні жайлы бірге талқылаймыз.

«Сыни ойлау — бұл мәселелерге әртүрлі қырынан қарап, деректерді талдап, объективті қорытынды жасай білу қабілеті.»

Тыңдаңыз. Ойлаңыз. Ақылмен пікірлесіңіз.

Подкаст кітапханада және онлайн-платформаларда қолжетімді.



Музыкалық көрініс «Музыканың мақсаты – жүректі тербеу!»

Ср, 01/10/2025 - 11:14 — Ольга А
1 қазан – Халықаралық музыка күні.
Музыка – әрбір адам өмірінің ажырамас бөлігі. Біз оны демалу немесе көңілді бөлу үшін қосамыз, радиодан, кинодан, теледидардан, жарнамадан және көшеден естиміз. Музыка – әуен шығару үшін дыбыстарды үйлестіре білуден тұратын өнер түрі. Оның мақсаты – жүректерді тербетіп, сезімге бөлеу!



Семинар

Дс, 29/09/2025 - 09:46 — Ольга А

26 қыркүйек күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы базасында кітапхана мамандарына арналған «Кітапханалық дағдыларды жетілдіреміз» атты оқыту семинары өтті.
Семинардың ұйымдастырушылары – Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен І. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы болды.
Семинардың мақсаты – кітапханашылардың ББК-ны қолдану саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Онда «ББК: қиындықтар, ерекшеліктер, шешімдер», «ББК және кітапханалардағы каталогтау», «Классификация – негізгі емес, тек қана қорды орналастыруға арналған көмекші құрал» және басқа да маңызды тақырыптар қарастырылды.

Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 130%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 256 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана