Новости


Жазушы Самал Шаймерденовамен онлайн-кездесу

Сн, 27/09/2025 - 16:23 — Ольга А

26 қыркүйек күні ғылыми-танымдық әдебиеттер бөлімі Қазақстанның жазушысы Самал Шаймерденовамен онлайн-кездесу өткізді. Іс-шара барысында мектеп оқушылары автордың «Ақсақ киік» атты прозалық шығармасының мазмұнын талқылады.

Кездесу интерактивті форматта өтті, оған Қостанай қаласындағы №11 орта мектептің 5, 6-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қызықты сұрақтар қойып, әңгіме мазмұнды және тағылымды болды.



«Абай әлемі: классикпен диалог»

Жм, 26/09/2025 - 16:56 — Ольга А

Абай Құнанбайұлының есімі бұрыннан-ақ даналықтың, руханилықтың және туған сөзге деген сүйіспеншіліктің символына айналған. Оның шығармашылығы жаңа ұрпақты шабыттандырып, өмір құндылықтары мен қазақ мәдениетінің байлығы жайында ойлануға жетелейді. 26 қазан күні біздің кітапханамызда №19 орта мектептің 8-сынып оқушылары үшін ұлы ақын әрі ойшылға арналған іс-шара өтті. Оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы, оның әдебиет пен философияның дамуына қосқан үлесі жөнінде мол мағлұмат алды. Оқушылар пікірталасқа қатысып, ойын түрінде қара сөздерін талқылап, ойшылдың идеялары жайында ой бөлісті, сондай-ақ олардың қазіргі заманмен байланысын іздеді. Мұндай жанды әңгіме әрқайсысына Абай Құнанбайұлы мұрасының жақындығы мен өзектілігін сезінуге мүмкіндік берді. Кездесу соңында оқушылар жаңа біліммен қатар шабыт алғандарын, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізгендерін атап өтті.



«Жазушымен диалог»

Ср, 24/09/2025 - 16:11 — Ольга А

Әдебиет – әрбір кітап жаңа ойлар мен сезімдерге апаратын ерекше сапар. 24 қыркүйек күні біздің кітапханамызда заманауи қазақстандық жазушы, «Икарус» кітабының авторы Мұрат Төлеевпен әдеби кездесу өтті. Индустриалды-педагогикалық колледждің студенттері туындының жазылу тарихымен танысты. Сондай-ақ жазушының қарапайым адамдардың тағдыры, өмір жолының белгісі ретіндегі жол және ескі «Икарус» автобустарында сақталған естеліктер жайындағы ойларын тыңдады. Мұрат Төлеев өзінің шығармашылық жоспарларымен бөлісіп, әдебиет, шабыт пен жазушы жолы туралы сұрақтарға жауап берді. Оқырман жазушымен ашық диалогқа белсене қатысып, сұрақтар қойды. Сондай-ақ жеке естеліктер мен уақыт оқиғаларының жазушы кітабында қалайша тоғысатынын қызыға тыңдады.



Библио FresH: Саған ұнайтын форматтағы кітап

Ср, 24/09/2025 - 11:17 — Ольга А

«Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапхана» Республикалық «KitapTime-2025» кітап фестиваліне қосылады. Осы тамаша мерекемен кітап жазатын және оларды оқитын баршаңызды құттықтаймыз! Назарларыңызға «Саған ұнайтын форматтағы кітап» атты библиофрешті ұсынамыз.



«Тіл - халықтың мұрасы»

Сс, 23/09/2025 - 17:05 — Ольга А

Әр тілдің өз тарихы мен тағдыры бар, ол басқа тілдердің тағдырымен тығыз байланысты. Халықтар мен мәдениеттер достығы еліміздің дамуына өз үлесін қосады. 23 қыркүйек күні «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Тіл – халықтың мұрасы» атты лингвистикалық ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – әртүрлі тілдерде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, ұлтқа қарамастан барлық адамның құрметке лайық екенін түсіндіру. Шараға қатысушылар қандай тілдерді білетінін және отбасында қай тілде сөйлейтінін айтып, тіл туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді, жұмбақтар шешіп, танымдық бейнероликтер тамашалады. Тілдер күні балаларды біріктіріп, достықтың, сыйластықтың және мәдени диалогтың нағыз мерекесіне айналды.



Еңбекке тағзым: әңгіме–практикум

Сс, 23/09/2025 - 15:51 — Ольга А

23 қыркүйек күні Еңбекші мамандықтар жылы аясында №8 мектептің 9 «А» сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы Елжан Сабиевич Бекдаутовпен кездесті. Ол өз өмірінің қырық жылдан астам уақытын сүйікті кәсібіне арнаған. Қонақ құрылыс саласының қыр-сыры, бұл еңбектің қаншалықты қиын да, абыройлы болатыны жайлы әңгімелеп берді.

Әңгіме барысында оқушылар жұмысшы мамандықтарының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, қонаққа «балалық шағында кім болуды армандадыңыз?», «құрылыс алаңында қыздар қандай мамандықтарда еңбек ете алады?» деген сұрақтар қойды. Кездесу соңында жүргізуші кітапхана қорында бар жұмысшы мамандықтары туралы – ағаш шебері, ұсталық, әрлеуші және тағы басқа кітаптарды таныстырды.

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы



Кездесу

Жм, 19/09/2025 - 14:07 — Ольга А

Бүгін кітапханаға алаштанушы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар және жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы Елдос Тоқтарбай қонақта болды. Елдос Нүсіпұлы – «Тау құсы», «Көгершін-жүрек», «Жарық сәуле» және басқа да кітаптардың авторы.



Қазақ халқы тарихының шежірешісі

Жм, 19/09/2025 - 12:41 — Ольга А

19 қыркүйек күні Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханада Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өтті. Іс-шара қонақтары №3 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары болды. Шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, ел мәдени мұрасында маңызды орын алатын туындыларымен танысты. Кейінірек оқушылар жазушының аттас романы желісі бойынша түсірілген «Көшпенділер» кинофильмінен үзінді тамашалады. Осындай кездесулер жас ұрпақтың ұлы жазушы шығармашылығын тереңірек тануына, сондай-ақ әдебиет пен тарихқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етеді.



Аңызға айналған қыз

Ср, 17/09/2025 - 15:10 — Ольга А

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған портрет-кеш өтті.

Әлия 17 жасынан бастап Отан үшін болған соғысқа қатысты. Ол жаудың 78 солдаты мен офицерін жойған.

Белгілі батыр қыз туралы №22 мектептің сегізінші сынып оқушыларына тарих пәнінің мұғалімі, дәріскер Садвакасова Айнагуль Болатаевна әңгімелеп берді.

Кездесуден кейін оқушылар: «Біз Әлияның ерлігін қайталай алар ма едік?» – деген сұрақ қойып ойланды.



Өмірі мен шығармашылығы

Сс, 16/09/2025 - 11:49 — Ольга А

Биыл Қазақстан Республикасының аса ірі графика шеберлерінің бірі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Валентин Иосифович Антощенко-Оленевтің (1900–1984) туғанына 125 жыл толып отыр.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 463 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана