Новости


Біз тағы да БАҚ-тамыз!

Сс, 24/06/2025 - 10:57 — Ольга А

Бүгінгі күні жас оқырмандар қандай кітаптарды таңдайтыны туралы айтып бердік. Арасында сүйікті авторлар да, мүлде жаңа есімдер де бар!



Кеме

Сс, 24/06/2025 - 09:46 — Ольга А

Сенбі күні «Оригами+» кезекті қолөнер сабағы өтті, оның тақырыбы "Кеме" болды. Сабағымыз сәтті өттіп, балаларға қатты ұнады да, осындай кемелеріміз шықты.



"Квизотека" интеллект-аренасы

Жк, 22/06/2025 - 18:57 — Ольга А

Квизотека: Ережесіз – бұл ойын керемет өтті!

Біз бәрін төңкеріп, қалыптасқан ережелерді бұзып, нағыз зерделік ойын ұйымдастырдық. Командалар бір-бірімен жарысып, тапқырлық пен креативті көрсетіп, тәуекелден қорықпай, батыл қадамдар жасады.

Ойынның нәтижелері:

1 орын – Культ Мифического рассвета

2 орын - Биполярность

3 орын  - ΠΛΘΨΩ

Ең  үздік орын- Железный мозг

Келесі ойында кездескенше



Сәлеметсіз бе, кітапхана

Жм, 20/06/2025 - 14:13 — Ольга А

№32 ЖББ мектебінің 1-5 сынып оқушылары үшін таныстыру экскурсиясы өткізілді. Балаларға абонемент бөлімі, оқу залы және ойын залы таныстырылды. Экскурсия соңында библио-ойыншық арқылы балалар Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісін еске түсірді.



Қағаздан бұйымдар жасау техникасы

Жм, 20/06/2025 - 12:45 — Ольга А

Бүгін 20.06.2025 ж. өнер секторында №23 мектебінің 4-сынып оқушыларына арналған "Қағаздан бұйымдар жасау техникасы" шеберлік сабағы өтті. Балалар оған белсенді қатысып, үлкен қуанышпен жұмыс жасады.



«Көңілді подкаст». 1-бөлім Танысу. Ульф Старк, Кристине Нёстлингер, Арне Свинген.

Жм, 20/06/2025 - 12:16 — Ольга А

«Көңілді подкаст» — бұл қазіргі заманғы жасөспірімдер әдебиеті туралы ай сайынғы шолу. Әр бөлімде біз өзекті тақырыптарға арналған — әсерлі, батыл, күлкілі немесе жанға тиерлік кітаптарды таңдап, олар жайлы қарапайым әрі қызықты етіп әңгімелейміз. Жасөспірімдер неге осы кітаптарды оқиды? Кітап кейіпкерлері біз туралы не айтады? Бұл подкаст мектеп оқушыларына, ата-аналарға, педагогтерге және жасөспірімдердің әлемін әдебиет арқылы тереңірек түсінгісі келетін барлық тыңдарманға қызықты болмақ.



Кітаптар еліндегі көңілді старттар

Бс, 19/06/2025 - 17:36 — Ольга А

«Әйгерім-Ай» мектебінің оқушылары үшін «Кітаптар еліндегі көңілді старттар» атты спорттық шара ұйымдастырылды. Командаларға жүгіру, секіру, доптармен, кеглилермен және шеңберлермен түрлі эстафеталық ойындар ұсынылды. Бұл сайыста оқушылар өздерінің спорттық және зияткерлік қабілеттерін көрсете алды. Балалар сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.



Іскер адамдар

Бс, 19/06/2025 - 11:22 — Ольга А

Кеше бізде қонақта Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында тамаша жан-депутат, «Азурит» @azurit_kst тігін фабрикасының директоры, «Профинструмент» @proffinstrument дүкенінің негізін қалаушы Светлана Валерьевна Шипилкина @svetlana_shipilkina болды. Біз бірге «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында подкасттар сериясын жаздық. Светлана Валерьевна өзін шабыттандыратын кәсіби жолымен бөлісіп, биылғы жылы өз саласындағы өзгерістер мен жетістіктер туралы айтты. Баршаға өте қызықты және шабыттандыратын әңгіме болды, әсіресе мамандық таңдау алдында тұраған жастар үшін өте тартымды және танымды болары сөзсіз. Жаңалықтардан қалыс қалмаңыздар- шығарылым жақында біздің платформаларда жарық көреді.



Кітап қайдан шыққан

Ср, 18/06/2025 - 12:06 — Ольга А

№13 ЖББМ, Абай атындағы ЖББМ және «School» жеке мектебінің 1-4 сынып оқушыларына арналған «Кітап қайдан шыққан» атты библиосабақ өтті. Іс шара барысында қатысушылар көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кітаптың қалай жеткенін көрді. Сонымен қатар олардың қалай пайда болғанын біліп, қазіргі заманның кітаптары қызықты, алуан түрлі әрі тартымды екені туралы пікір айтты. Оқушылар жазбаша ғана емес, электронды кітапқа да қызығушылық танытты. Сабақ барысында балалар кітап мұқабасына қарап, атауын тауып, хормен жарыса айтты. Библиосабақты жарқын презентация мен «Ералаш» бейнежазбасы толықтырды.



Білімпадарға арналған экология немесе сабақта айтылмайтын тақырыптар

Сс, 17/06/2025 - 12:20 — Ольга А

«Ақ Нұр Плюс» жекеменшік мектебінің оқушыларына арналған «Білімпадарға арналған экология немесе сабақта айтылмайтын тақырыптар» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында балалар экологиялық мәселелермен танысып, эко-викторинаға қатысып, экология тақырыбындағы бейнероликтерді тамашалады. Олар «Экология» ұғымын талқылап, оның нені үйрететінін терең түсінді. Шара соңында оқушылар «Жер» планетасын қорғап, сақтамасақ, бүкіл тіршілік жойылады деген қорытындыға келді.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 326 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана