Новости


Ғарыш

Сс, 10/06/2025 - 12:02 — Ольга А

Ғарыш кеңістігі ежелден-ақ адамзатты өзіне баурап келген. Ғарыш әрдайым тылсым әрі ерекше әсем әлем болып көрінетін. Бүгін Sabi Start орталығының тәрбиеленушілері үшін «Ғарыш» тақырыбында аппликация жасау бойынша шеберлік сағаты өтті. Міне, осындай әсем дүниелер пайда болды.



Мусорознайка

Дс, 09/06/2025 - 15:49 — Ольга А

Қостанай қ. Абай атындағы дарынды мектебінің жазғы сауықтыру лагеріне баратын балалар үшін "Мусорознайка" экологиялық танымдық ойыны өткізілді. Балаларға тазалықтың ең басты жауы - қоқыс, ол қайдан келеді және ірі қалаларда олар қалай өнделетіні туралы айтылды. Сонымен қатар балалар қалдықтарды қайта өңдеу және қоқыстарды бөлек жинау туралы білді. Олар жұмбақтарды шешіп, белгілі бір заттың қандай материалдан жасалғанын анықтады. Біз «Табиғатқа қамқорлық» тақырыптық мультфильмін көрді және әрқайсы таза планетада өмір сүріп, таза ауамен дем алып, табиғатты тамашалағымыз келеді деген қорытындыға келді.



Қауіпсіздік әліппесі

Дс, 09/06/2025 - 12:36 — Ольга А

14 жалпы білім беретін мектептің жазғы лагерь оқушыларына «Қауіпсіздік әліппесі» атты жол жүру ережелері бойынша танымдық саяхат-ойын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар бағдаршамның қызыл, сары және жасыл түстері нені білдіретініне үлкен қызығушылықпен жауап берді. Балалар «Жаяу жүргіншілер өткелі», «Зебра», «Абайлаңыз, балалар», «Автобус аялдамасы», және т.б. маңызды белгілермен танысты. Іс-шара барысында оқушылар көңілді викториналарға қатысып, өз білімдерін көрсетті. Шара соңында балаларға «Жол жүру ережелері» атты танымдық мультфильм көрсетілді. Мұндай іс-шаралардың маңызы зор, өйткені әрбір бала жол жүру ережелерін білуі тиіс. Бұл — олардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды.



Акула

Дс, 09/06/2025 - 11:40 — Ольга А

Сенбі күні «Оригами+» үйірмесінің кезекті сабағы өтті, оның тақырыбы — «Акула». Балалар осы жыртқыш туралы қызықты деректермен танысып, кейін қағаздан осындай акуланы жасап шықты.



"Квизотека" интеллект-аренасы

Дс, 09/06/2025 - 01:07 — Ольга А

Біз өзіміздің шуақты Квизотекамызды өткіздік. Ауа-райынан ғана емес, тартысты ойын әсерінен өте ыстық болды. Күлкі, құмарлық, күтпеген сәттер – барлығы біз жақсы көретіндей өтті.

Жазғы көңіл-күй мен жарқын жауаптары үшін барлық командаларға алғысымызды білдіреміз. Ал жеңімпаздарға – ерекше қошетемет пен ,әрине, лайықты сыйлықтар.

Ойынның нәтижелері:

1 орын - Биполярность

2 орын - I-Pilaf

3 орын - Революционеры: возрождение

Ең  үздік орын - Мини мозг

Келесі кездескенше! Жаз мезгілі Квизотека сияқты есте қаларлық әрі шуақты өтсін!



Сегізаяқ

Бс, 05/06/2025 - 14:02 — Ольга А

Бүгін 14-мектептің 1–4 сынып оқушылары үшін «Сегізаяқ» атты қызықты шеберлік сағаты өтті.
Балалар сегізаяқтар туралы қызықты мәліметтермен танысып қана қоймай, шығармашылық жұмысқа да белсенді қатысты. Қараңыздаршы, қандай тамаша жұмыстар шықты!



«Ту мен елтаңба — біздің ортақ мұрамыз»

Ср, 04/06/2025 - 15:54 — Ольга А

Мемлекеттік рәміздердің туған күнінде № 16 білім беру мектебінің 3-4 сынып оқушылары үшін «Ту мен елтаңба — біздің ортақ мұрамыз» атты патриоттық сағаты өткізілді. Онда балалар мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихын еске алып, викторинаға қатысып, әнұранды жатқа шырқап, Қазақстан туралы бейнероликтерді тамашалады.



Қалдық материал (қақпақтар)

Ср, 04/06/2025 - 13:00 — Ольга А

Бүгін №14 мктептің 1-4 сынып оқушылары үшін қалдық материалдармен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабағы өтті. Балалар бөтелке қақпақтарын пайдалана отырып, осындай аппликация жасады.



Ту мен елтаңба — біздің ортақ мұрамыз

Сс, 03/06/2025 - 17:27 — Ольга А

Осыдан 33 жыл бұрын, 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанда атаулы күн – Мемлекеттік рәміздердің туған күні пайда болды.

«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне «Ту мен елтаңба — біздің ортақ мұрамыз» атты патриоттық сағаты өткізілді.

Балалар Мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 326 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана