Новости


Ғажайып табиғатты қорғайық!

Жм, 05/06/2026 - 12:13 — Ольга А

№16 жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін табиғатқа деген ізгілік сабағы «Ғажайып табиғатты қорғайық» деген тақырыпта іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы мәлімет алып, Қызыл кітаптың құрылу тарихымен танысты. Балалар экологиялық ойындар мен викториналарға белсенді қатысып, жұмбақтар шешіп, суреттеу бойынша жануарларды тауып, оларды көрсетті. Кездесу соңында қатысушылар алған білімдерін бекітіп, табиғатты қорғау керек ережелерін талқылады және жер шарымыздың сұлулығы мен байлығын сақтау әрбір адамға байланысты деген қорытындыға келді.



Табиғатқа дос бол

Жм, 05/06/2026 - 12:04 — Ольга А
№16 жалпы білім беретін мектептің 1-сынып оқушылары үшін «Табиғатқа дос бол» атты экологиялық сағат өткізілді. Кездесу барысында балалар қалдықтарды сұрыптап жинаудың қажеттілігі, пластиктің қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін зиянды әсері, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты әрі жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы білді.
​Мектеп оқушыларына қоқыс көлемін азайту және өсімдіктерге қамқорлық жасау неліктен маңызды екені түсіндірілді. Балалар алған білімдерін тақырыптық тапсырмаларды орындау барысында пысықтады.


Туған Жердің сұлулығы

Жм, 05/06/2026 - 11:47 — Ольга А

Биыл, маусым айында, кеңестік және қазақстандық суретші, кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбуов Тұрсын Әбуұлының туғанына 90 жыл. 



«Не оқуға болады?» проект: Оскар Уайльд "Портрет Дориана Грея"

Жм, 05/06/2026 - 11:39 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК «Алау» ТРК-мен бірлесіп «Не оқуға болады?» атты жобаны дайындады. 



Барлық заманға ортақ есімдер

Бс, 04/06/2026 - 16:23 — Ольга А

Альбрехт Дюрер (1471–1528) – ұлы неміс суретшісі, Еуропалық Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуірінің ең үздік шебері және графика өнерінің, соның ішінде ксилографияның (ағашқа түсірілген гравюра) ең ірі теоретигі.



Біл, құрметте және мақтан!

Бс, 04/06/2026 - 12:48 — Ольга А

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні және әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Мереке күні кітапхана оқырмандарына «Біл, құрметте және мақтан!» деген атаумен естелік парақшалары таратылды. Біз қай жерде болсақ та – Олимпиада ойындарының трибунасында, ірі халықаралық көрмелерде немесе үйде, жақындардың ортасында – мемлекеттік рәміздер бізді біріктіріп, жүрегімізде мақтаныш сезімін оятады.



Ескі журналдардан панно жасау

Бс, 04/06/2026 - 12:37 — Ольга А
Бүгін №16 мектептің 1-сынып оқушылары ерекше шығармашылықпен айналысты!
"Ескі журналдардан панно жасау" атты шеберлік сабағында балалар ескі басылымдарды екінші өмірге әкеліп, әдемі картиналар жасады. Мұндай панноларды жақын жандарыңызға немесе достарыңызға сыйлауға болады! Қараңыздаршы, қандай әсем дүниелер пайда болды!


Мықты бол, денсаулығыңды сақта!

Бс, 04/06/2026 - 12:25 — Ольга А

3 сынып оқушыларына арналған «Мықты бол, денсаулығыңды сақта!» атты денсаулық марафоны өткізілді. Марафон барысында балалар денсаулық сақтау негіздерімен танысып, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділіктің маңызы және пайдалы әдеттерді қалыптастыру туралы білімдерін кеңейтті. Балалар танымдық видеоны тамашалап, денсаулықтың адамның ең бағалы байлығы екенін келісті. Іс-шара оқушылар арасында достық пен команда рухының дамуына оң әсерін тигізді.



Туған жерім менің - Қазақстаным

Бс, 04/06/2026 - 12:12 — Ольга А

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты №16 жалпы білім беретін мектептің 3 және 4-сынып оқушылары «Қазақстан рәміздеріне құрмет» атты ойын-викторинаға қатысты. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Мемлекеттік Туы және Мемлекеттік Елтаңбасы туралы мәлімет алды. Қатысушылар Әнұранды орындап, бейнероликтер көрді, викторина сұрақтарына жауап берді, жұмбақтар шешіп, түрлі ойын тапсырмаларын орындады. Іс-шара аясында "Туған жерім менің-Қазақстан" атты көркем оқу байқауы өтті-балалар Отан туралы өлең оқыды . Оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін көрсетті және Қазақстан жайлы жаңа әрі қызықты мәліметтер білді.



Ертегілер мен ғажайыптар әлемінде

Ср, 03/06/2026 - 15:30 — Ольга А

№13 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ертегілер мен ғажайыптар әлемінде» атты танымдық әрі қызықты іс-шара өтті. Балалар Ғалым Мысықпен бірге ертегілер кітабының беттері арқылы сиқырлы саяхатқа шықты. Іс-шара барысында жас оқырмандар түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады: шатастырылған ертегілерді тапты, сиқырлы сөздер арқылы шығармаларды таныды, пантомима арқылы сүйікті кейіпкерлерін бейнеледі, сондай-ақ кейіпкерлерді олардың мекенжайлары мен жолдаған жеделхаттары бойынша анықтады. Ертегілер әлеміне жасалған бұл саяхат балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болды. Кездесу соңында қатысушылар мультфильм тамашалап, кітаптардың қиял мен ғажайыпқа толы таңғажайып әлемге жол ашатынына тағы бір мәрте көз жеткізді.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 680 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана