Новости


«Кітап оқу күні»: кітап мерекесі

Сс, 04/04/2023 - 15:52 — Ольга А

2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні. Кітапхана қандай сыйлық жасай алуы мүмкін? Әрине, қызықты жазушымен кездесу ұйымдастыру. Біз дәл осылай жасадық. 4 сәуірде № 3 мектеп-гимназиясының және № 7 мектептің 8 сынып оқушылары, ҚГК-нің студенттері үшін Нина Дашевскаямен онлайн-кездесу өткізілді. Музыкант және ең танымал әрі мықты заманауи авторлардың бірі, қазіргі жасөспірімдердің өзін-өзі еркін сезіне алуына дөп баса білген автор. Нина Дашевскаяның кітаптары «Книгуру» балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің басты байқауының екі мәрте жеңімпазы атанған. Жазушы өзінің шығармашылығы туралы айтып, балалардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Нина Дашевскаямен кездесу барлық қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады және көптеген оқырмандар үшін таңғажайып және қызықты оқиға болды!



Балалардың сүйікті кітаптарынсыз мына әлемде өмір сүру мүмкін емес

Дс, 03/04/2023 - 13:36 — Ольга А

Бұл керемет күні барлық

Кітапқұмарларды құттықтаймыз!
Мейірімді ертегілер мен әңгімелерді
Шың жүректен тілейміз!

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде кітапхананың оқырмандары мен қонақтарына, Халықаралық Балалар кітабы күніне арналған "Балалардың сүйікті кітаптарыңсыз мына әлемде өмір сүру мүмкін емес" атты кітап көрме-шақыруы жұмыс істейтін болады.

Көрмеге кітапхана қорынан әлемдік әдебиеттің үздік туындылары, мерейгер-жазушылардың кітаптары, әлбетте, қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың ең заманауи жаңа кітаптары таңдап алынды.



"Светозар Русаков - анимациялык сериалдын негізін калаушы"

Дс, 03/04/2023 - 11:21 — Ольга А

3 ақпан аниматор суретшісі Светозар Русаковтың туғанына 100 жыл толады. Светозар Русаковтың шығармашылығы – әрдәйім, ашық жарқын, көңілді әлем, бір емес, бірнеше ұрпақ өскен және көрермендердің қайта-қайта оралғысы келеді. Светозар Кузьминнің мульфильмге кейіпкерлерді ойлап тауып салғандарын, барлығы біледі, кішіден үлкенге дейін. Тендесі жоқ танымал «Ну погоди» топтамасының суретші-қоюшысы, Қасқыр мен қоян кейіпкерлерінің және басқа да көп танымал мультфильмдерінің авторы.



Балалардың сүйікті жыршысы

Жм, 31/03/2023 - 10:53 — Ольга А

Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған өлеңдер галереясы.



Кітаппен серуендеу

Жм, 31/03/2023 - 08:33 — Ольга А

Біздің «Кітаппен серуендеу» жобасы өз жұмысын жалғастыруда және бұл жолы бірінші болып Тобыл қ. Қостанай ауданының балалар кітапханасына барамыз. Балалар кітапханасының оқырмандары әртүрлі жанрлардағы және әртүрлі бағыттардағы жасөспірімдер әдебиетімен танысуға мүмкіндік алды, олар: қиял-ғажайып, фантастика, мектеп романдары, шытырман оқиғалар және романтикалық әңгімелер.

Кітап көрмесінде Е. Басованың «Деньги, бродяги, слова», А.В. Жвалевскийдің «Я хочу в школу!», Д. Росстың «Туманный Дайвер», Т.В. Шипошинаның «Светлый ангел на темной стене» және т. б. балалар кітаптармен танысып, жаңа авторлар туралы білді, сондай-ақ жүргізушінің сұрақтарына жауап берді.

Бізде алда жаңа аялдамалар, жаңа кездесулер және жаңа кітаптар!



Мультстудия «МУЛЬТLoft» - мультфильм «Қоянға қасқыр ренжіді»

Бс, 30/03/2023 - 14:44 — Ольга А

3 ақпан аниматор суретшісі Светозар Русаковтың туғанына 100 жыл толады. Светозар Русаковтың шығармашылығы – әрдәйім, ашық жарқын, көңілді әлем, бір емес, бірнеше ұрпақ өскен және көрермендердің қайта-қайта оралғысы келеді. Светозар Кузьминнің мульфильмге кейіпкерлерді ойлап тауып салғандарын, барлығы біледі, кішіден үлкенге дейін. Тендесі жоқ танымал «Ну погоди» топтамасының суретші-қоюшысы, Қасқыр мен қоян кейіпкерлерінің және басқа да көп танымал мультфильмдерінің авторы.



«Туған күніңмен!»

Бс, 30/03/2023 - 13:56 — Ольга А

Кітап апталығының соңғы күнінде «Туған күніңмен!» атты концерттік бағдарлама қойылды. Осы күні бізге келген қонақтар көтеріңкі көңіл-күй мен керемет сыйлықтарға ие болды: ешкімді бей-жай қалдырмаған сыйқыршы-иллюзионист Антон Вознесенскийдің қойылымы, тіпті кейбір балалар оның көмекшісі ретінде сезіне алды, Костанай қаласының педагогикалық колледжінің студенттерінің орындауында әсерлі би және флешмоб, Музыкалық мектеп оқушысы Байбулова Альфияның музыкалық номері, сонымен қатар оқырманымыз Долгополова Лизаның ән шашуы оқырмандар үшін үлкен сый болды. Балалар жұмбақтар шешіп, билеп, демалып қайтты!



«Біз біргеміз» зорлық-зомбылықтың алдын алу курсы

Ср, 29/03/2023 - 15:51 — Ольга А

Қазіргі әлемдегі зорлық-зомбылық жиі кездеседі. Бала кез — келген уақытта және кез-келген жағдайда - мектепте, демалыста, қоғамдық жерде зорлық-зомбылыққа тап болуы мүмкін. Біздің кітапхана «Біз біргеміз» жасөспірімдерге арналған зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша оқыту курсын бастады. Алғашқылардың бірі болып № 18 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушылары өз пікірлерін білдірді. Олармен алғашқы кездесу танысу ретінде өткізілді, онда олар курстың мазмұнын талқылады, кездесу ережелерін әзірледі және де ойындар ойнады. Кездесу қызықты және эмоцияға толы болды.



Кітапхана бойынша саяхат

Ср, 29/03/2023 - 14:41 — Ольга А

Біздің кітапханада көптеген құпиялар сақталған. Бүгін қонақтарымызды нағыз қазынаны іздеу күтіп тұрды. Оны табу үшін балалар бұрынғы арбадан бастап, вагондармен және  жүрдек пойызбен,  ұшаққа дейін көлік құралдарын үнемі ауыстырып отырып саяхат жасады. Кітап корымыздан ең «қарт» кітаппен (1902 жылғы)танысып, «нейрондық желі» жазған цифрлық этикет бойынша қазіргі «зиянды кеңестерге» дейін саяхаттады. Олар Золушкамен бірге нағыз баллға барды. Үлкен өрмекшілер мен жарқанаттардан қорықпай, «зиянды кеңестерді», «пайдалы лайфхактарға» айналдырды. Соңғы аялдамада «кітапхана» сөзінен көптеген сөздер жасап, екі топ боп жарысқа түсті. Соңында  қатысушы балалар мерекелік пазлды  жинап, кітапхананың 65 жылдық мерейтойына арнайы жасалған  тәтті шоколадты  тортқа ие болды.



Балалар кітабы апталығы: "Ерекше оқиға" екінші күн

Сс, 28/03/2023 - 15:50 — Ольга А

Кітапханада мерекелік апта жалғасуда! Бүгін балалар театр әлеміне енді. Олар сахналық көркемдік шеберліктерін шыңдап: дикциямен жұмыс істеді және дауыс шығаруға арналған бірнеше арнайы жаттығулар жасап, пантомиманың көмегімен олар бір-бірін сөзсіз түсінуді үйренді. Сондай-ақ, сценарий жазатын жазушылар мен костюмерлер ретінде өздеріңі сынап көрді. «Теремок» ертегісі бойынша импровизация спектаклі мерекенің жарқын нүктесі болды. Жақсы көңіл-күй, лайықты қошемет және тәтті сыйлықтар «Ерекше оқиға" күнінің барлық қатысушыларына сый болды.

P.S.: бұл соңы емес... балалар кітабының апталығы жалғасуда! Ертең одан да қызықты болады!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 611 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана